Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жеті қайқы
Жеті қайқы
Мақсаты: Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру. Маңғыстау өлкесінің өнер шеберлерімен, туындыларымен таныстыру.
КӨРНЕКІЛІГІ: слайд (Жеті қайқының суреттері, Маңғыстау өлкесінің көріністері), магнитофон.

Алғы сөз: Қазақ халқы ән шығаруда қандай шебер болса, нақышты орындауда сондай шеберлікке жеткен. «Ақылың болса жыр тыңда», «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер» деген қазақ халқында небір майталман күміс көмей әншілер, сабырлы да салмақты жыршылар, ақын - жыраулар өткен. Және әр аймақтың қайталанбас әншілік, күйшілік дәстүрін қалыптастырып, сақтап отырған. Олардың өзіне тән дара қасиеттері - сазы, нақышы, мақамы, домбыра тартудағы қағыс айырмашылықтары болған. Халық сүйікті әншілеріне «Жез таңдай», «күміс көмей», «қаз дауыс», «қоңыр дауыс» деп ат қойған. Ал Маңғыстау өлкесінде нағыз әншілерден де ілгері - біртуар өнер шеберлеріне «Қайқы» деген атақ берген.

Қазақтың күйшілік өнері бірнеше мектептерге бөлінетіні өнерсүйер қауымға белгілі. Солардың ішінде Маңғыстау күйшілік өнері өзінің қызықты аңыз - күйлерімен ерекшеленеді. ХІХ ғасырда Маңғыстау жерінде серілік құрып, ел аралап, ән айтып, күй тартқан, жыр жырлаған жеті өнерпаз болғаны белгілі. Оларды халық «жеті қайқы» деп атап кеткен.
Батыс өңірінде сол кезеңде «қайқы» деген сөз «сал, сері» деген мағынаны білдіреді екен. Сол өнерпаздардың бірі - жыршы, әнші әрі күйші Өскенбай Қалмамбетұлы болған екен.
Оқушы: Өскенбай 1860 жылы Маңғыстау облысының Жетібай деген жерінде дүниеге келген. Ол сол кездегі Маңғыстау түбегінің даңқты күйшісі, аңыз бойынша қазақтың мың күйін жатқа тартқан нағыз қас домбырашының өзі болған. Сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстап, елдегі әйгілі күйшілер Есір, Жоламан, Лекер, Жылқайдар сияқты домбырашылардан өнер үйреніп, он жасында домбырашы бала атанады.

Оқушы: Адай елі мен Түрікмен елі ежелден көршілес болып, сазгер, күйшілері арасында жиі - жиі өнер сайысы болып тұрады. Осындай өнер мерекесінің бірінде түрікменнің атақты дутаршысы Құлбаймен кездесіп, одан Өскенбай «Қынжыл», «Соқыр қыз», «Өрелі мая» деген күйлерін табан астында үйреніп алып, Құлбайдың өзіне тартып береді. Атақты дутаршы Құлбай бұған қатты риза болып: «Талабың жансын, шырағым!» деп бата береді. Өскенбай домбырасын арқалап, сол кездегі дәстүр бойынша, ел жадында сақталған көне сазды күйлерді үйренеді. Олардың ішінде «Шар науайы», «Қақпалы науайы», «Баспа Ақжелең», тағы басқа күйлер бар

Өскенбай туралы халық арасында деректі әңгімелер көп. Бірде қырдың үстіндегі түркмен ауылындағы бір тойда күй сайысы болады. Күй сайыста ынталы жақ - түркмендер өз жағынан атақты Құлбай Бақшыны шығарады. Сайысты өткізуші той иесі түркмен:-«Халайық, алдарыңда екі елдің екі дүлділі сынға түспек. Қойылар талап екеуіне бірдей. Шарт бойынша – біреуінің тартқан күйін екіншісі бұлжытпай орындап, өз күйін тартуы керек. Мүдіріп не қате орындаса, жеңілгені»- дейді. Сайыс екі күнге созылады. Тіпті болмағасын Өскінбай мәсін тастап башпайларымен ойнай жөнелгенде Құлбай.-«Уай, Өскінбай, сен жеңдің»- деп жастыққа қисая кетіпті дейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама