Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жомарт күз
1 бастаушы: Армысыздар балалар және қонақтар!
Міне, көңілді жаз бітіп, қоңыр күз де келіп жетті.
2 бастаушы: Бүкіл адамзат, бүкіл жан - жануар, тіпті табиғат бұл мезгілде әрекетсіз тыныш жатпайды. Бүгінгі әніміз де биімізде осы жомарт күзге арналады.
Ән: «Жомарт күз»
Күз ханшайымы келеді: Сәлем, Сәлем балалар!
Сіздер мен жайлы әдемі ән салып жатыр екенсіңдер. Күз айын қарсы алуға дайынсыңдар ма? Күз айында күн суытып, жаңбыр жиі жауып, күн бұзылады, бірақ менің адамзатқа берер сыйым өте көп. Ендеше күз мерекесін тойлайық.

1- бала: Күзде, жауын, бұлт тұман.
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқан
Сыпырады ауаны
2 - бала: Топталады табанға
Судыр - судыр жапырақ
Енді сары бояуға
Малынғандай атырап
3 - бала: Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап - қап қауын алдық біз!
4 - бала: Жемісі көп не деген
Жеп тауыса алмайсың
Өрік шие, балы бар.
Қарбыз, қауын көбейді
Жегің келсе бәрін ал
Неге аласың демейді
5 - бала: Жемісті мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
6 - бала: Самал қозғап қалғанда
Үзіледі сары алма
Шолып едім бақшаны
Қауын біткен сап сары
7 - бала: Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Күз ханшайымы: Балалар сіздерге менің жасыратын жұмбақ сыйым бар, соның шешуін таба аласыздар ма екен? Ендеше мұқият тыңдайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама