Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы:
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
(8 – сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Жылу құбылыстары» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін қорытындылау, формулаларын есеп шығарғанда қолдана білу және өмірмен байланыстыру.
2. Тәрбиелік: Теория мен күнделікті өмірді, салт – дәстүрді, халықтық педагогиканы байланыстырып, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Халық ауыз әдебиеті элементтерін пайдалану арқылы жалпы қабілеттілігін, танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес қорытындылау сабағы.

Сабақ жоспары:
1. «Бәйге»
2. «Сәйкестікті тап»
3. «Тапқыр достар»
4. «Ғажайып ұяшық»
5. «Ертегілер әлемі»
6. «Қорытынды»

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру. (2 мин)
Оқушылар түгенделіп, сабаққа дайындығы қадағаланады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. "Тапқыр достар" зияткерлік ойыны
Физика - табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.

Оқушылар «Конвекция» және «Сәуле шығару» тобына бөлініп, сайыс түрінде жүргізіледі
Сұраққа дұрыс жауап берген топқа бір жұлдызшадан беріледі.
1 бөлім
"Бәйге"
І Топқа сұрақтар оқылады (2 мин)
1) Заттың күйлерін атаңдар. (қатты, сұйық, газ тәрізді).
2) Судың қайнау температурасы. (100 градус)
3) Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. (жұмыс жасау, жылу беру).
4) Жылу беру кезінде дененің алған не жоғалтқан энергиясы. (Жылу мөлшері).
5) Ішкі энергияның өлшем бірлігі. (Джоуль).
6) Будың сұйыққа айналу процесі. (конденсация).
7) Қатты күйден сұйыққа айналу процесі. (Балқу).

ІІ Топқа сұрақтар оқылады (2 мин)
1) Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі. (Джоуль)
2) Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясы. (Ішкі энергия).
3) Сұйықтың буға айналу құбылысы. (Булану)
4) Өз сұйығымен динамикалық тепе - теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу).
5) Жылу берілудің неше түрі бар.(Конвекция, жылуөткізгіштік, сәуле шығару).
6) Мұздың балқу температурасы. ( градус).
7) Сұйық күйден қатты күйге ауысу процесі. (Қатаю немесе кристалдану).

2 бөлім
"Сәйкестікті тап" (5 мин)
Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама