Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау
Қарағанды облысы,
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна

Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
А.Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру, оқуға қызуғышылығын, ынтасын арттыру
Ә.Оқушыларды үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмыс істеуге, жолдастарының жауаптарына сын көзбен қарау, тапқырлыққа, физика сабағында алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Б. Іскерлі, ізденгіш, шығармашыл инетелктуалды қабілеті дамыған жеке тұлға
қалыптастыру
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, электронды оқулық, зерттеу карточкасы
Пән аралық байланыс : әдебиет, тарих
Сбақтың типі:
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың жоспары:
І.Еңбек: ( зерттеу карточкасы мен жұмыс жүргізу)
ІІ.Талап: (мақал-мәтел)
ІІІ.Терең-ой - (есептер шығару)
ІV.Қанағат – (тест)
V.Рахым- (кілттің суретіне сөздер жазу)

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты бастамас бұрын психогеометриялық тест Сьюзен Деллингер әдісі арқылы сыныпты топқа бөліп аламын
Мақсаты: Психогеометрия - жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі.Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.
Жүргізілу барысы:
I.Психологиялық бағыт. «КӨҢІЛ-КҮЙ»жаттығуы

II. Негізгі бөлім.
Мына төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл-МЕН!» деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны таңдап белгілеуге болады.

Геометриялық фигуралардың ерекшеліктері

Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлелдік бақылауға қатал, қадағалайтын ойлаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршы, жазбаша, сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, маманданған эрудициясы басым, бас саясаткер, достары және таныстары шағын, еңбекқор адам.

Үшбұрыш - көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

Төртбұрыш - көңіл-күйі өзгермелі, өзін-өзі қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.

Шеңбер - қарым қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш. Тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары көп, мейірімді адам.

Зиг-заг көңіл-күйін өзгертуге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеалдарына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасын
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызды Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңімен бастағым келіп отыр. Осы өлеңдегі «Еңбек, талап, терең-ой, қанағат, рахым» сөздері сабағымыздың басты бағыты болып табылады.
І.Еңбек: ( зерттеу карточкасы мен жұмыс жүргізу)
Зерттеу карточкасы мен жұмыс жүргізу: t, m, Q
Зерттеу карточкасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама