Тері және оның гигиенасы
Cабақ тақырыбы: Тері және оның гигиенасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні. Оқушыларға тері гигиенасы, теріні күту, киім, аяқ киім гигиенасы жөнінде түсінік бере отырып, денсаулық сақтаудың бір жолы тазалық сақтауға үйрету. Терінің маңызды қызметтерінің бірі – жылу реттеуші мүше екенін ұғындыру.
Дамытушылығы. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, түрлі жұмбақ, мақал-мәтелдерді, таблицаларды пайдалана отырып икемін, білім дағдысын, терінің құрылысы мен қызметі туралы алған білімдерін одан әрі кеңейтіп дамыта түсу.
Тәрбиелілігі. Денсаулық сақтаудың бір жолы тазалық сақтауға, шылым шегуден бойын аулақ салуға, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұжымшылдыққа, есте сақтау, мәнерлі сөйлеуге білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақ әдісі: Дидактикалық ойын, әңгіме, жұмбақ, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: медицина, әдебиет, химия, физика, математика
Көрнекілік: «Тері», «Адам қолынан шылым шеккенге дейінгі және шылым шеккеннен кейінгі жылу фотосуреті», интерактивті тақта,тірек-схема, карточкалар, суретсөз, сөзжұмбақ, газет, көрініс.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Жаны саудың дені сау деп бекерге айтпаса керек халқымыз. Адам баласының өсіп-өнуі, ғұмырлы болуы, көп жасауы саулықтың арқасы.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Ұраны: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
2. Тест
__ ия; Δ – жоқ
1. Терінің сыртқы қабаты эпидермис
2. Зәр жасайтын мүше бүйрек
3. Адамның дене температурасы 390C
4. Н(биотин) дәрумені жетіспесе дерматин ауруына ұшырайды
5. Саусақтағы тырнақ көбесінің іріңдеп қабынуы – алапес
6. Ағзадан бір тәулікте 12 л тер бөлінуі мүмкін
7. Тері қоректендіру қызметін атқарады
8. Тері ауруларын зерттейтін ғылым дерматология
3. Көрініс. «Тері аурулары»
(Дәрігер, медбике , 4 ауру)
Дерматолог дәрігерінің кабинеті. Төрінде дәрігер, оның жаныңда медбике . Дәрігер жазып , ал медбике аурулардың карточкаларын реттеп отыр. Есіктің сыртында кезек күтіп отырған бір топ аурулар.
Дерматолог(медбике ға қарап)
- Ауруларды кезегімен шақырыңыз, қабылдайық.
- Жақсы шақырайын(аурулардың біріне «кіріңіз» деді ді, өзі жұмыс
орнына қайта отырды)
Бөлмеге бірінші ауру кіреді. Сырт бейнесі өте нашар, шашы алба-жұлба, киімі кір, тырнақтарының асты кір. Дәрігер келген аурудың басынан аяғына дейін көз жүгіртіп шолып, зер салып қарап, «отырыңыз» деп, орындықты нұсқады да «қашаннан бері ауырасыз?» деп сұрады.
- Бір жылдың шамасы болып қалды, басыла ма деп елемей жүре берген
едім, күннен күнге үдеп бара жаьыр, алғашында бетім мен оң қолымда ғана дақтар бар сияқты еді, енді желкеме дейін дөңгелек дақтар пайда болды, ай жаңғырған сайын бұл да жаңғырады-ау деймін, бұрыңғыдан да қызарып түсіп қышиды, шыдай алмаған соң амалым болмай келдім.
- Е, қатты қышымаса дәрігерге келу ойымда жоқ деңіз? Сіздің ауруыңыз
теміртек деп аталады, бұл көбінесі адамның салақтығынан болады, әрі жұқпалы ауру. Үстіңізде ешқандай тазалық жоқ, өз денсаулығыңызды өзіңіз өйламасыңыз кім ойлайды? Теріні таза ұстағанда ғана бұл аурудан арыласыз, (медбике ға қарап) әзірше тыныштандыру үшін мына дәрілерді жазып беріңіз.
Медбике ауруға рецептіні ұсынып жатыр; дәріні бір апта ұдайы жағатының, егер көмектеспесе, ауруханаға жататының ескертті.
(кабинетке екінші ауру кірді)
Дерматолог (ауруға қарап)
- Иә сіздің қай жеріңіз ауырады?
- Бір апта болды, денем қышып ұйықтай алмай жүрмін, әсіресе кешкісін
қасысам қозып кетеді, егер қышыған жерімді қасысам қара-сұр түсті дақтар пайда болды, көбейіп кете ме деп қорыққанымнан сізге келдім.
- Қане көрейік. Барлық денеңіз осындай ма?
- Жоқ тек саусақтарымның арасы, көкірегімде кешеден бері пайда болды,
ептеп санымда да бар.
- Семья мүшелеріңізде немесе бірге жүрген жолдастарыңыздың арасында
мұндай аурумен ауырғандар бар ма?
- Байқамадым
- Денеңіздің ыстығын өлшеп көрдіңіз бе?
- Кешке қарай 40 градусқа дейін барады.
- Сіздің ауруыңызды қотыр дейді, бұл да, көбінесе, жеке бастың
тазалығын сақтаудан болады, өте жұқпалы ауру. Сондықтан сіз үйіңізге қайтпай ауруханаға жатасыз(медбике ерітіп жібереді)
(Үшінші ауру ішке кіреді)
- Айта беріңіз құлағым сізде.
- Екі үш күннен бері бетім, аяқ-қолым қышып ұйықтай алмай жүрмін,
ауық-ауық асқазаным бүріп ауырады, ыстығым жоғары, алдымен аяқ-қолымда аздап қана қызыл дақтар бар сияқты еді, кейіннен іріндей бастады.
- Тамаққа тәбетіңіз қалай?
- Тәбетім нашар, тамақ ішкім келмейді.
- Сіздің ауруыңыз қышыма деп аталады, бұл, көбінесе сыртқы әсерлерден
Болатын аллергиялық ауру. Сондықтан сіз ең алдымен, күн режимін дұрыс сақтаңыз, сондай-ақ бұл ауру нерв жүйесінің бұзылуынан болады, сондықтан күнделікті тіршілікте кез-келген нәрселерді көңілге алып ренжімеңіз, ұстамды, байсалды, төзімді, кешірімді болыңыз. (медбикеге, қарап) Мына кісіге тыныштандыру үшін мына дәрілерді жазып беріңіз.
(Медбике төртінші ауруды шақырады. Оның еріні домбығып ісіп кеткен, оны қолымен ұстап жасырады)
- Сіздің ауруыңызды айтпай-ақ біліп отырмын, алыңыз қолыңызды, жасырсаңыз да көрініп тұр ғой, тек ауруыңызға қанша уақыт болғаның айтсаңыз болады.
- Бүгін үшінші күн, кете ме десем үдеп барады, бүкіл денемде бар, ара шаққандай бұлтиып-бұлтиып дөп-дөңгелек болып бүкіл денеме басып кетті.
- Бүйрегіңіз немесе асқазаныңыз ауыра ма?
- Ондай байқалған емес.
- Сіздің ауруыңыз есекжем деп аталады, бұл бірде бұлтиып шығып, бірде
Жоғалып кетеді, түрлі тағамдардан, дәрілерден болады. Сондықтан тыныштандырылатын дәрілерді ішесіз және бір апта бойы ішетін тағамдарыңыздың атын жазып жүресіз, сонан соң тиісті ем қолданамыз.
- Сабақ соңында дерматолог залда отырғандарға қарап былай дейді:
- Міне, манадан бері біздің алдымыздан тері ауруларымен ауратын
адамдар өтті. Олардың басым көпшілігі аурулары әбден асқынған соң келіп отыр, оның нәтижелерінің де куәсі болдыңыздар, төрт аурудың екеуі аурханаға жөнелтілді. Халқымыздың ежелден келе жатқан «тазалық-денсаулық кепілі»,- деген мақал бар. Олай болса терінің тазалығы адамның денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күнделікті өмірде барлығымыз бірдей тері тазалығына көңіл бөле бермейміз, ол дұрыс емес. Міндетті түрде ас ішер алдында қолды сабындап жууды ұмытпау керек, кейде асығыстыққа я қомағайлыққа салынып қол жумай, тамаққа отырамыз, қыс айларында жетісіне бір рет, ал жаз айларында екі күнде бір рет жуынуды әдетке айналдырған жөн, Адам сонда теріні таза ұстап, тері ауруларымен ауырмайды.
Бұл сабақта тәрбиелік мәні зор. Оқушылар тері ауруларының түрлерін және олардан сақтану жолдарын біледі. Тері-қорғаныш, ол тері астында жатқан барлық тканьдерді механикалық зақымданудан сақтайды, организмның щектен тыс суды шығаруына, ауру тудыратын микробтардың, бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Тері сезім мүшесі, онда қысым, ауырту, суық және жылу арқылы тітіркенуді қабылдайтын әр түрлі рецепторлар бар. Бұлар организм мен қорғаныш ортаның өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады. Олар бізге, көбінесе, жарақаттанудан (күю, үсу т.б) сақтануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, терінің сезімталдығы оның қорғаныш қызметімен тығыз байланысты. Тері зәр шығару қызметін де атқарады, дене температурасын үнемі бір қалыпты сақтауда қатысады.
4. Мектеп медбикесі Жанна апайдың «Тері аурулары және оның гигиенасы» туралы қысқаша дәрісі.
5. «Алтын сандық» ойыны.
«Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды»
Сандық ішіне жасырынған жұмбақтарды алып оқиды, оны оқушылар шешеді.
1. Тау басына шөп шықты,
Шөп шыққанда көп шықты.
(Бас пен шаш)
2. «Көсеуім басы ақ күміс»
тапшы кәне көрейін.
(саусақ, тырнақ)
3. Асқар тауда қара орман
Кейде оны шөптей орам.
(шаш)
4. Бес сауысқан,
Бес сауысқанның басына
Тас жабысқан.
(саусақ, тырнақ)
5. Өзіңмен бірге өседі,
Өзіңмен бірге төсегі.
Көргенде оны жіп дейсің
Бірақ та киім тікпейсің.
(шаш)
6. Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз
(Он саусақ)
7. Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер
(қол)
8. Айдын көлді айнала,
Сақшылар тұр сап түзеп.
Жиылады сайлана,
Түн болғанда сақ күзет.
(көз бен кірпік)
9. Аяз ба әлде аптап па,
Мен үшін мұның бәрі бір.
Ауырып сірә көргем жоқ,
Таң қалады дәрігер
Шынықтырып денемді,
Гимнастика жасаймын
Таңертең тастай суменен
Рахаттанып шомылу
Күнделікті әдетім,
Әдетімді қоймаймын.
(шыныққан бала)
«Ойла, ойна» (сайыс)
A, E, Л, К, Ш, Т, Ү, H, Й, І, Қ, Ы, С, Р
(қас, шаш, тер, қал, түк, тырнақ, күйік, үсік)
Есептер.
№1. 1м3 ағашты химиялық жолмен өңдеген кезде 165 кг жасанды жібек алынды. Одан 160м жібек ақ мата тоқылды. Осы ақ матадан әрбір көйлекке 3,54 жұмсалды десек, қанша әйел көйлегі тігілген болар еді?
Жауабы: 160 : 3,5 ≈46 көйлек
№2. Тұт жібек көбелектің жұлдыз құрты 1кг жібек жасау үшін тұт ағашының 60кг жапырағын жеу керек. Бір әйел көйлегіне 460 г жібек талшығы жұмсалады. Осындай бір көйлек дайындау үшін қанша кг тұт ағашының жапырағы жұмсалады.
Жауабы: 60 ∙ 0,46 = 27,6 кг
ДЕРМАТОЛОГ
1. Дәнекер ұлпасының тығыз қабаты. (дерма)
2. Дененің сыртқы жабыны. (тері)
3. Эпителий ұлпасынан түзілген сыртқы қабат. (эпидермис)
4. Адам денесіндегі түсі өзгерген тері бөлігі бөрткен тәрізді. (мең)
5. Шаштың түсі оның түбіндегі бояғыш (кератинге) байланысты.
6. Саусақ басын зақымданудан қорғайды. (тырнақ)
7. Тері қызметі. (қорғаныш)
8. Қайратты түк. (сақал)
9. Егер денені қышқыл күйдірсе, онда көмірқышқыл натрийдің немесе (сода) ерітіндісімен жуу керек.
10. Тері ауруларын зерттейтін ғылым. (дерматология)
Мақал-мәтелдер (жалғасын тап)
1. Дені сауға - ....... ......... (бәрі сау)
2. Саулық қайда, ....... .........(сұлулық сонда)
3. Дерт көп, денсаулық ........ (біреу)
4. Тазалық - ........... (саулық негізі)
Саулық - .............(байлық негізі)
5. Ыдыс таза болса, ...... ........ (асы дәмді)
6. Аурумен тазалық ........ (араз)
7. Тазалық - тамаша ..... ..... (әсемдіктің басы)
8. Қотыр ....... жұғады (қолдан)
Таз ....... жұғады (тақиядан)
Ақша жоғалтқаның ештеңе жоғалтпағаның
Уақыт жоғалтқаның аз жоғалтқаның
Денсаулық жоғалтқаның бәрін жоғалтқаның.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -
Үшеуімен бақытты болады өмір.
Үйге тапсырма: «Тері аурулары және оның гигиенасы» тақырыбына слайд, тест, сөзжұмбақтар
құрастыру.