Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұлдызды сағат
«Жұлдызды сағат» атты кластан тыс шара

Жарыс сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен алған білімдерін бекіту, толықтыру.
Жарыс қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде өтеді.
Көрнекіліктері: жұлдызды сағат жұлдызшалар, кестелер, сандық көрсеткіштер
(1 - ден 4 - ке дейінгі) қосымша әдебиеттер, интербелсенді тақта.
Өткізу әдісі: Жарыс 3 ойыннан тұрады. 6 оқушы қатысады. Әр оқушының алдында 1 - ден 4 - ке дейінгі сандардың көрсеткіштері қойылады. Берілген сұрақтың 4 жауабы көрсетіледі. Оқушылар қай сандағы жауапты дұрыс шешсе, сол санды көтереді. Сонымен ұпай - жұлдызша алады. Әр ойыннан кейін аз жұлдызша жинаған оқушылар шығып қалып отырады.

Өткізу барысы: I ойын
I. Мына шумақ Біржанның қай өлеңінен алынған?
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді патша байдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде ұрып еді,
Намыстан о дариға, өлгенім жоқ.
1. «Ләйлім».
2. «Жанбота».
3. « Айтпай»
4. «Жамбас сипар».
II. Ақындар айтысында «жаттама» (трафарет өлеңдер аз болады) Кімнің сөзі?
1. М. Әуезов.
2. С. Торайғыров.
3. С. Мұқанов.
4. С. Дөнентаев.
III. Шөже Қаржаубайұлы қай жылы туды?
1. 1803
2. 1813
3. 1825
4. 1805
IV. «Айтыс - сөз барымтасы» Кімнің сөзі?
1. Ә. Коныратбаев
2. М. Көпеев
3. С. Мұқанов
4. М. Әуезов
V. «Өлеңді қолқа қылсаң, ағытайын
Самарқан жібегіндей оннан өріп»
Қай айтыскердің сөзі?
1. Ырысты
2. Ақбала
3. Табия
4. Сара

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама