Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Отбасы - алтын діңгек
Отбасы - алтын діңгек
Сабақ мақсаты: Халық педагогикасын оқу - тәрбие барысында қолдану, ұлттық тәрбиенің мақсатын жүзеге асыру. Ата - ана, оқушы, ұстаз ұжымын ынтымақтастыруды арттыра отырып, ұлттық тәрбиені жүзеге асыру.
Сабақ жүрісі: Отбасылар арасында топтық сайыс өткізу
Сабақ көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шағын көрме ұйымдастыру.

Сабақ жүрісі:
Мұғалім: - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар сыныбымызда ұйымдастырылып отырған «Отбасы - алтын діңгек» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін атқарып, еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі - өнеге еткен, ұрпағына ақыл - кеңесін беріп, ата - кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы баланың тұлғалық қасиетін жетілдіру іске асырылған. Мысалы: баланың дүниеге келуі, кәмелетке толуы, үйлену тойы, т. б.
Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле»

Қазақ халқы баланы дүниедегі бар асылдан жоғары бағалаған, болашағына, арманына балаған. Сондықтан халқымыз «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар», «Босағасын алтыннан соқсаңда, перзент сүймей, адамның мейірі қанбас» деп баланы ерекше қадірлеп, оның өсіп жетілуіне айрықша мән берген.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар.

1. Ортаға отбасылар шақырылып, орындарына жайғасады.
1. Әкемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Анамдай ақ ниетті, абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен - деп бүгінгі сайысқа шыққалы отырған Жұбаназаровтар әулетінің сүйікті ұлы Диасты ардақты анасымен бірге ортаға шақырамыз.

2. Атамның ән - күйі ғажайып
Әжемнің әлдиі ғажайып
Анамның мерейі ғажайып
Әкемнің пейілі ғажайып
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып - деп Дүйсенбаевтар әулетінің сүйкімді немересі Ернұр сайысқа өзінің асыл әжесімен бірге шықпақшы, ортаға шақырамыз.
2. Әке деген - биік шыңы адамның.
Әке деген тірегі ғой ғаламның.
Әке деген бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізгі жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп - деп өз отбасының сүп - сүйкімді қызы Зереміз өзінің Ғайнаддиндей әкесімен сайысқа келіп тұр, ендеше қошамет.

3. Әділ қазылар алқасымен таныстыру;
4. Сайыстың өту кезеңдерін атау;
І кезең: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»
(Әр отбасы өздерін таныстырады)
ІІ кезең: «Ата мұраң - асыл қазынаң»
(Ата - аналары салт - дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді, ал балалары сурет салады.)
ІІІ кезең: «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»
(Сұрақтар мен тапсырмаларға ата - аналары жауап береді, ал балалары «Менің отбасым» тақырыбында 5 минуттық эссе жазады.)
ІV кезең: Ситуациялық тапсырмалар және әрбір оқушының өнерін тамашалау

Сайыстың өту кезеңдері:
І кезең: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»
ІІ кезең: «Ата мұраң - асыл қазынаң»
Мұғалім:- Ата - бабамыздың асыл мұрасын жалғастырушы ата - аналарымыз бүгінгі ұрпақтарына мәдениетіміз бен өнеріміздің асыл маржандарынан қандай тәлім - тәрбие беріп, нендей нәрсені үлгі етіп жатыр жүр деген мақсатта сайыстың ІІ кезеңінде сұрақтар әзірленді.
(Салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарға байланысты тапсырмалар, ал балалары сурет салады)
1. «Жасау» және «енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз...
2. «Тәбәрік» және «сыбаға» салтының мағынасын ажыратып айтыңыз, түсіндіріңіз...
3. «Байғазы» және «Көрімдік» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіз. Қандай уақытта, кімге, неге, не үшін беріледі?
4. «Тұлым қою» және «кекіл қою» дәстүрінің мағынасын ашып айтыңыз, кімге қойылады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама