Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жұлдызды сәт
Тақырыбы: «Жұлдызды сәт»
Сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: Жеке тұлғаның білімін, өнерін, жан - жақты даму ерекшелігін көрсету.
Ақыл ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Өмір талабына сай дамыған, ізденушілік қабілеті зор тұлға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру, іздену, зерттеу, эвристикалық технологияны қолдану.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар, кесте.
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата - аналар!
«Өнерлі өрге жүзер» демекші бүгін 4 класс оқушыларының өнерін тамашалайсыздар. Өмірде әр адамның биікке шығар жолы, жұлдызды сәті болады. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы атанған оқушы өзінің жұлдызды сәтінде өз ойын, арманын ортаға салады.
Олай болса ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.( 5 оқушы ата - анасымен)
1. ---------------------- анасымен бірге. Сәулет Республикалық «Зерде» - 2010 ғылыми жоба байқауының ІІ орын жүлдегері, «Ақбота»- 2009 интеллектуалды ойының ІІ орын иегері оқу озаты. Жақсы көретін пәні дүниетану, қазақ тілі, ағылшын тілі.
2. ----------------------Айдана анасымен бірге. Айдана ҚР Кіші ғылым академиясының ғылыми жоба байқауының ІІІ орын жүлдегері, 51 - інші халықаралық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің ІІІ орын иегері, «Кенгуру»- 2009 интелектуалдық ойынының жүлдегері, оқу озаты. Жақсы көретін пәні математика, қазақ тілі ағылшын тілі.
3. --------------------- апасы Салтанатпен бірге. Қонысбек оқу екпіндісі, жақсы көретін пәні қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. «Ақбота»- 2009 интелектуалды ойының ІІ орын иегері.
4. -------------------- апасы Айгеріммен бірге. Нұрлыбек аудандық «Қылқалам»- 2009, облыстық «Айналайын»- 2010 байқауларының жеңімпазы, оқу екпіндісі. Жақсы көретін пәні бейнелеу өнері, қазақ тілі, дүниетану.
5. -------------------- анасымен бірге. Анар ҚР Кіші ғылым академиясының ғылыми жоба байқауының ІІІ орын жүлдегері, Астана қаласында өткен «Тұрақты экологиялық білім – 2010» байқауының жүлдегері. «Русский медвежонок – 2010» интелектуалдық ойынының жүлдегері, оқу озаты. Жақсы көретін пәні қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Енді сайысымыздың жүргізілу шартын біліп алайық.
Интерактивті тақтадан нөмірленген суреттер көрсетіледі. Қойылған сұрақтың жауабын алдарыңыздағы кеспе арқылы көрсетесіздер.
Сұраққа оқушы мен ата - ана дұрыс жауап берсе, ол жұлдызша алып, алға жылжиды.
Сайысымыз бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзіндік ерекшелігі бар.
«Жұлдызды сағат» - сын сабақ.
Жұмбақты шеш, ойна күл,
Білімдіден мол талап, күтіледі оны біл.
Ал ойыннан қалмайық
Жұлдызсыз мүлдем қалмайық.
Деп ойынымызды бастайық.

І .бөлім. Қазақтың ақын жазушылары жөнінде сұрақ - жауап сайысы.
1. Балалар бұл жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп байқап қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па? – деп ізденуге, үйренуге оқуға шақырған өлең жолдарының авторы (А. Байтұрсынов)
2. Қазақ жерінің суы, жайлауы туралы, оның тіршіліктің түйіні екені жөнінде «Туған ел» өлеңінің авторы (С. Сейфуллин)
3. «Қалыпсың ұйықтап қарағым
Қалды - ау сенің сабағың
Жуын жүгір мектепке» - деген өлең жолдарының авторы кім? (І. Жансүгіров)
4. Орыс жазушысы И. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа» өлеңін аударған, аудармашы ақын? (А. Құнанбаев)
5. Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге – деп жастарға үміт артқан аса көрнекті ақын кім? (М. Жұмабаев)

ІІ бөлім. «Қоршаған дүниені танып біл».
Бұл бөлімде дүниетану сабағына байланысты сұрақтар қойылады.
1. Қаз суда жүзетін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа. Олар маңғазданып аяғын теңселе басады. Шөп, жапырақ, жемістермен қоректенеді. Оны сонау ерте кезден қолға үйреткен. Бұрынғы кезде олардың дағдыларына қарап ауа райын болжаған. Барлық шежірелер осы құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазылған. Мұндай қауырсын қаламмен кімдер жазған? (Абай, Шоқан).
2. Үкі (дыбысын салу)
3. Қарға – қауырсын жүні тығыз және жып - жылтыр кішірек құс. Олар топ - тобымен жүреді. Қанша жыл өмір сүреді? (70 - 75 жыл).
4. Аққу (дыбысын салады)
5. Бұл құс әр түрлі жерде тіршілік етеді. Қанаттары ұзын, айыр, жіңішке болып келеді. (Қарлығаш).

ІІІ бөлім. «Тапқырлар және алғырлар» сайысы
Бұл бөлімде оқу құралдары туралы жұмбақтар жасырылады.
1. Ұсынылған қойыннан
Білімін білерсің
Шықпаса ойыңнан
Досым деп жүрерсің (кітап)
2. Білімнің куәсі
Білмесінің куәсі
Іші толған қолтаңба
Алып шығам әр таңда (күнделік)
3. Әрі итерсе - аунайды
Бері итерсе - аунайды
Түрі, түсі тұлғасы
Табиғаттан аумайды (глобус)
4. Мұрнын басса – жабылар
Ернін басса ашылар.
Ол жоқ болса байқасаң
Бес аспабын шашылар (портфель)
5. Бір құс бар өте әдемі тұмсығы ұзын
Сүңгиді дарияға ішіп суын
Сырғанап салған ізі жатыр мұзда
Кетеді жүйткіп, сөйлеп елден бұрын. (қалам)

ІҮ бөлім. «Әріптерден сөз құра».
Бұл бөлімде ең ұзын сөз құрау керек.
А З Б Е Т І К У С Ы

Ү бөлім «Сөзден сөйлем құрау»
Қалған екі оқушы сөз құрайды, бір сөзді екі рет айтуға болмайды.
Қорытындылау. Барлық сайыстан сүрінбей өткен жеңімпазға сыйлық тапсырылады, өзінің жұлдызды сәтінде өз ойын, арманын айтуға мүмкіндік алады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама