Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Суды тиімді пайдалану
Курс: Дүниетану
Бөлім: Қоршаған әлем
Тақырыбы: Су
Класс: 3

Сабақтың өту уақыты: 45 мин.
Авторлық медиаөнім: «Су» тақырыбындағы презентациялық слайд
Сабақты мақсаты: Өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың өмірінде судың атқаратын рөлі туралы білімдерін кеңейту, қалыптастыру. Судың қасиеттерін меңгерту. Суды тиімді пайдалану үнемдеу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:
• жеке тұлғаның бейімі биік, дағды жүйесімен қаруландыру;
• оқушылардың салыстыру қабілетін және жобалау, қорғау, іздену ерекшеліктерін қалыптастыру;
Дамытушылық:
• Танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, қиял қабылдауын дамыту. Судың қасиетіне тәжірибе жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы жеке тұлғаның танымын молайту;
Тәрбиелік:
• Ғылыми дүниетанымын, тұлғалық адамгершілік қасиеттерін, сенімін қалыптастыру. Табиғатты, суды қорғауға баулу. Экологиялық білімін кеңейту;
Проблемалық сұрақ:
а) Судың да сұрауы бар дегенді қалай түсінесің?
ә) Су – тіршілік көзі деген не?
б) Судың ластану себептері неден?
в) Су өмірлік қажеттілік деп білсек, оны қалай қорғаймыз?
Сабақтың типі: білімін тереңдету, оза оқыту.
Сабақтың түрі: білімділік жоба қорғау
Оқыту формалары:
• жалпы шығармашылық
• эксперименттік жұмыстар
• топтық жұмыс
• жеке жұмыстар
Көрнекілік:
• интерактивті тақта
• тәжірибелік, зертханалық жұмыстар жабдықтары
• тірек сызбалар
Әдістер:
• миға шабуыл
• эвристикалық әңгіме
• эмпатия
• болжау
• салыстыру
• ізденіс
• білімділік жоба қорғау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама