Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жұрнақ
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ
Сабақтың мақсаты
Бiлiмдiлiк: жұрнақ туралы білім – білік дағдыларын бекіту; сөз құрамына талдау дағдыларын қалыптастыру; оқу, сөйлеу дағдыларын қалыпастыру.
Дамытушылық: сөздің қорларын, тілдерін, ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқуға, еңбекке, ұқыптылыққа, әдептілікке, әсемдікке баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, суреттер, тест жазылған карточкалар.
Сабақтың типі: білім - білікті қалыптастыру.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс, тест.
Түрі: ойын сабақ
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу;
в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;
г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
116 - беттегі, 5 - жаттығу.
Көп нүктенің орнына жұрнақтардың тиістісін қойып сөйлемдерді көшіріп жазу.
ІІІ. Қызығушылықты ояту: Сөз құрау.
А--- Р ---Ж --- Қ ---Ұ ---Н
5 ----3 --- 1 --- 6 --- 2--- 4
Шешуі: Жұрнақ

«Гүл таңда» ойыны.
1. Түбір дегеніміз не?
2. Жұрнақ дегеніміз не?
3. Туынды сөз дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Жұрнақ (Қайталау сабағы)

1 - жаттығу. Жұмбақты шешу
Ақ шатырлы бір қала
Суда жүзіп жүр дара
(Кеме)
Туынды сөзді тауып, түбір мен қосымшасын белгіле.
Кемелер ойыны.
Тазалық, бірлік, еркіндік, достық, қалалық.
2 - жаттығу. Өзіндік жұмыс.
Көп нүктенің орнына – лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік жұрнақтарының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алматыда бокстан болған жарысқа еліміздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: Мен астаналық, Ерлан – алматы..., Үсен – ақтау..., Сержан – шымкент..., Ернұр – тараз..., Арман – өскемен..., - деп айта бастады.

Сергіту сәті:
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат жазайық.
Қарлығаш болып ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.

4 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
1. Көпшілік алдында әдепсіз сөйлеме. 2. Бақытты болғың келсе - жаман әдеттен аулақ бол. 3. Инабатты, сыпайы бол.
Қарамен жазылған сөздер қандай жұрнақ арқылы жасалған?
І топ
Түбір сөздер жазады.
ІІ топ
Туынды сөздер жазады.
ІІІ топ
Қосымшалы сөздер жазады.

5 - жаттығу. Бұлттар төніп келеді ойыны.
Таулар, теңізші, жұлдыз, домбырашы, сауысқан, ақылды, балалық.
Берілген сөздерден туынды сөздерді табу.
Тест

Қорыту.
Өрмекші, бала, балапан, білім, кітап, шалғы, күй, күйші, оқу.
Осы сөздерді Вен диаграммасына орналастыр.
Түбір сөз
Туынды сөз

Үй тапсырмасы: 6 - жаттығу. Ережелер жаттау.
Бағалау. Топты бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама