Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жиһаз (керует, орындық, кресло, диван)
Шаттық шеңбер:
Күліп созып қолымызды,
 Бір екі үш деп соғайық..
Қарап тұрған досымдай
Қолымды мен бұлғайын.
Сиқырлы сәті: — Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым.
Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен.
Хатта Қонжық менің үйімдегі жиһазымды сындырып кетіпті, кім екенін білмеймін
Маған көмек бересіңдер ме?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді. —
Балалар қонжықтың үйіндегі жиһазын кім сындырғанын білгілерің келе ме?
Жарайды онда мен сендерге «Үш қонжық» ертегісін оқып берейін
 Содан соң қонжыққа жиһазды жинауға көмектесеміз.
Ертегіні оқу.(«Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді).
Балалар, сендер енді біліп алдыңдар қонжықтың үйіндегі жиһаздарды кім сындырғанын
Ал, енді қонжық бізді күтіп қалды оған жиһазын бүтіндеуге көмектесейік.
Суретпен жұмыс: жиһазды неден құрастыруын болатының көрсету және әңгімелеу
 Өздік жұмыс: Берілген конструктордан жиһаздарды құрастыру.
Үстелді - шаршының үстіне кірпіш қоямыз. Диван - екі конструктордың жан - жағына 1 конструктор қою әрі қарай балалар өз еркімен құрастырады.( орындаған жұмыстарын қадағалау, көмектесу)
Сергіту сәті:
Бас бармақ.
Балан үйрек,
ортан терек,
шылдыр шүмек,
кішкентай бөбек, қуыр – қуыр - қуырмаш балапанға бидай шаш.

Қорытынды.
Қонжық барлықтарына риза болады. Балалар бұл жасаған жиһазымызды қонжыққа беріп жібереміз. Барлық құрастырған жиһаздарды неден жасадыңдар?
Жиһаздарды қалай күтеміз және сақтаймыз? – Жиһаздар не үшін керек?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама