Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Қол  орамалшаны безендіру»
Жылулық шеңбері:
Армысың ба? Алтын күн!
Армысың ба? Жер — Ана!
Армысың ба? Достарым,
Сендерді көрсем қуанамын.
Балалардың іс - әрекеті: Балалар шеңберге тұрып, бір - біріңнің қолдарын ұстап жылы лебізді білдіреді.
— Күз мезгілі.
Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күн суытады. Жылы жаққа құстар ұшып кетеді.
Балалар күзде қандай мерекелер бар?
Балалар жауабы.
Дұрыс балалар, күз мезгілінде Алтын күз мерекесін қарсы аламыз.
Балалар бұл не? Орамал.
Сол Алтын күз мерекесінде бізге әдемі орамал керек, сол орамалды қазір өз қолымызбен жасап алайық. Ол үшін бізге түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы керек.
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар геометриялық элементерден өрнек құрастырамыз.
Сол өрнектерді құрастырып ретімен орналастырамыз. Бір сөзбен айтқанда орамалды әшекейлейміз. Ал, балалар жұмысымызды бастайық. Балалар геометриялық элементтерден өрнек құрастырады. Өрнектерді құрастырады, содан кейін ретімен орналастырады.
Әрбір балаларға геометриялық элементтер беріледі, содан өрнек құрастырады және орамалды безендіреді. Әрбір бала ұқыпты жасауға тырысады.
Балалармен бірге жұмыс жасау. Қиылған пішіндес қағаздарды жапсыру.
Балалар міне орамалымызда дайын оны мерекемізге дайындап қоямыз.
Балалар енді бәріміз орнынан тұрып денелерімізді шынықтырайық.
Сергіту сәті:
Топ - топ, топ басайық,
Қағаздан орамал жасайық.
Жаса - жаса алтын күн,
Жаса - жаса жарқын күн.
Ойын: «Бет орамалға лайық жамауларды табу»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал - жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.
Қорытынды:
Балалардың білімдерін бекіту. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап - мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама