Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Жинақтаған тәжірибе төл істі
Жинақтаған тәжірибе төл істі,
Ұстаздарым жариялап бөлісті.
"Білімділер" сайтының бетінде,
Әріптестер әр тараптан көрісті.

Бұл сайтым ұстаздарды қолдады,
Ұстаз сабақ, ғылыми жоба жолдады.
Презентация, баяндама әзірлеп,
Төрт шумақтай өлең жазып толғады.

Барлық жұмыс жан - жақтылық қаралды,
Құрылымы шебер болса таралды.
Бар керегін жас ұстаздар қуанып,
Сыр сандықты сайт бетінен таба алды.

"Білімділер" сайты – ұстаз айнасы,
Ұстаз үшін аз болмады пайдасы.
Жарыстарда жүйрік сайыс атанып,
Алғыстарға бөленумен жайнашы!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама