Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Р дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Рр дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Рр дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілі мен білімін қалыптастыру,
буындық, дыбыстық талдау жасату.
3. Сауаттылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, буындық сөздер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ
Мысық пен күшік суретіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізіледі.
- Мысық қайтеді?
- Күшік қайтеді? (күшік ырылдайды)
- Ендеше, бәріміз хормен айтайық.
- ыр, ыр, ыр
- Созып айтуға келе ме?
- Жоқ
- Ендеше бұл қандай дыбыс?
- Рр дыбысы - дауыссыз дыбыс.
4. - Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
- Жазу дәптеріндегі Рр әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстырып, жазба түрінің бөліктерін көрсету.
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу

5. Сергіту сәті:
Арпа, радио, роботтың суреттеріне байланысты берілген тапсырманы Тапқышбектің тәсілімен орындайды.
6. Тақтаға суреттер ілінеді, оқушылар олардың атын айтады.
Радио, ара, нар.
- Балалар, р дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді екен.
7. Сөйлемдер құрату. Ара - жәндік. Ара - сайман. (Сөздік қорын молайту, тілін дамыту үшін сөйлемдер құрауға машықтандыру.
8. Дәптермен жұмыс.
1) Сөйлемдердің сызбасын жазу.
2) Р әрпінің жазу элементтерімен таныстыра отырып, үзбей жазуға машықтандыру.

9. Сергіту жаттығуы.
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнап.
Жазуды жалғастыра жазу. Рр, ар, ара.

10. Буындық талдау жасау. (сөзден дауысты дыбысты таптырту, соған байланысты буынға бөлінетіндігін пысықтау)
Шор/тан, ар/ба, тыр/на...
11. Суреттермен жұмыс.
12. Логикалық тапсырма (қай сөзде р әрпі кездесетінін табу)
Аю, орындық,..
13. Буындық диктант жазу.
Ар, ор, ра, ро, ара, ора.

14. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Р дыбысы қандай дыбыс?
- Р дыбысы бар сөздерге мысал келтір?
- Р дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
15. Үйге тапсырма беру.
16. Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама