Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
К дыбысы мен әрпі
Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «К» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік. Оқушыларды К әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Сөйлемдерге талдау жасау. Дыбыстық талдау жасау.
2. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, құстар мен ағаштарға қамқорлық жасауға, жолдастарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Логикалық ойлау, көзбен көру, есту арқылы есте сақтау танымдық кабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, баяндау
Оқыту технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, кеспе әріптер, құстар суреті
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық
- Қарашы, досым
Дайын ба, оқу құралың?
Орнында ма,
Дәптер, кітап, қаламың?
Дайын болсаң,
Басталды міне сабағың

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2 балаға "Емен" мәтінін оқыту, не түсінгендерін сұрау.
- Балалар бұл «Емен» тақырыбын оқығанда қандай дыбыспен таныстық?( е дыбысы)
- Кім айтады е дыбысы қандай дыбыс?
- Неліктен?
- е дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (ел ер, емен, еден т. с. с.)
- өте жақсы
- Ендеше емен сөзін буынға бөлейік (2 буын) е дыбысы қай жерде естіледі?

Актуалдау
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы?
Қандай дыбыстар буын құрайды?
Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? (а, о, ы, у, ү)
Олар қандай дауысты дыбыстар?
Қандай дауыссыз дыбыстармен таныстық? (т, п, н, ғ, л, р, ш, й, қ, м, д, б, с, ж)

3. Жаңа сабақ
1. Суретпен жұмыс: кітап, кітапхана
2. Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді.
3. Оқулықпен жұмыс
Сөздерді тізбектей оқу. Сөздерге түсінік беру.

«Кеме» мәтінді оқу, мазмұнын ашу.
Жұмбақ жасыру
Еркін самғап ұшсын - деп
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп
Қай құсты біз мақтаймыз?
Көгершін әні.
Музыка пәні мұғалімі Мира Демеуқызы ән ырғағына сай сергіту сәтін өткізеді.

Құстардың табиғаттағы маңызы
1. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде пайдаланады
2. Тазалықшы қызмет атқарады
3. Өсімдіктерді тозаңдандырады

Дәптермен жұмыс:
Балалар біз к дыбысын естіп дыбыстадық, енді оны көзіміз көріп әрпін жазамыз.
К -► көркем жазу
Элементтерімен таныстыру
Үлгі дәптерге к әрпін жазу
Бекіту: Көл суреті. Шалқар көлінің экологиялық жағдайы
Сабақты қорытындылау:
Мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама