Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Татулығы жарасқан ұлттар
Сабақтың тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар.
Сабақтың мақсаты: 1. Ұлттар достығы, бір мемлекетте 106 ұлт бар екенін, олардың бір - бірімен тату, бейбіт сүріп жатқанын түсіндіру.
2. Ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3. Тату, дос, болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Мазмұныны сұрау. Шығармасын оқыту.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:
- Қ. Р. тәуелсіздігін қашан жарияланды?
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына қашан мүше болды?
Картадан мәтіндегі аталған мемлекеттерді тап.
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V. Жаңа материалдарды түсіндіру кезеңі:

Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын - қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және игеру жылдары Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды. Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып, сонда мекен етіп қалды. Ал керісінше индустрияландыру, тың игеру жылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940 - 1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1 миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943 - 1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде 2, 5 миллиондай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға қоныстанды. Тың игеру жылдары 2 миллиондай басқа ұлт өкілдері тағы көшіріліп әкелінді. Қазақстан Республикасының Ата Заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан, Қазақстанды мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Қазір елімізде көптеген ұлттық және жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Оларда балалар ана тілін үйренеді. Түрлі ұлт тілдерінде газеттер шығып тұрады, театрлар жұмыс істейді. Қаншама түрлі ұлт тұрса да мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қала береді.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келген екен? Ұлы Отан соғысы туралы, тың игеру жылдары жайлы не білеміз? Ашаршылыққа ұшыраған жылдарына кімдер кінәлі деп ойлайсың? Осы сұрақтарға жауап алу.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.
- Қазақ жерінде қазақтар саны қанша екен?
- Қазақстан кейін көп халық саны қанша екен?
- Кәрістер қай жылы келген?
- Немістер мен поляктар қалай келген екен?
- Ата Заңымызда басқа ұлт өкілдері жайлы не делінген?
VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 139 - 171 - беттерді оқу мазмұны. Қазақстандағы өзің білетін ұлттарды жазып келу.
ІХ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама