Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Кальций және оның қосылыстары
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары
Мақсаты: Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, кальций және оның қосылыстары туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау;
Міндеттері:
Химиялық элементтердің ПЖ - гі оны бойынша кальцийге сипаттама беру;
Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыру;
Топтық жұмыс арқылы өзін - өзі реттеуге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелері Химиялық элементтердің ПЖ - гі оны бойынша кальцийдің қасиеттерін сипаттай алады;
Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыра алады;
Топтық жұмыс арқылы өзін - өзі реттей алады;

Модульдер: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
3. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.(оқулық, дәптер, қалам, күнделік).
Оқушыларға
Кім ешқашан кешікпейді -
Кім ешқашан айқайламайды -
Кім барлығымен өте сыпайы -
Кімнің даусы өте әдемі - т. б
Сөздер жазылған стикерлер таратады.

Оқушылармен бірлесе топта жұмыс істеу ережесін, яғни, «алтын ережені» еске түсіру;

Оқушыларға сыныпта оқудың нәтижелі болуы үшін бірнеше ереже ұсынады:
Мысалы:
1. кешікпеу;
2. бір - бірінің сөзін бөлмей, тыңдау;
3. белсенді болу;
4. көмектесу; т. б

(Кальций деген)
Күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем,
Артық болмас “Жер металы мен десем”
Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті, негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы.
Бұл қай металл?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама