Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Абайдың ең жақын адамдары (сөзжұмбақ)
Абайдың ең жақын адамдары
Абай даналығы арқылы жас ұрпақты саналылыққа тәрбиелеуге, ата дәстүріміздің ұмыт бола бастаған асыл мұраларын «Абайтану» курсынан үйреніп, оқушылардың зерделеріне тоқуға өзімнің керектеніп жүрген осы материалымды жас маманға жәрдем болар деген оймен бөліскім келіп ұсынып отырмын. Абайдың ең жақын адамдары туралы біз «Абай жолы» романын оқыған кезде таныс болатынымыз әркімге аян.

Сөзжұмбақ
Тігінен:
Гүлбадан - Абайдың қыз баласы
Шәке - Абайдың шәкірті, ағасының баласы
Жиренше - Абайдың жолдасы, би, шешен, екінші рет үйленуіне көмектескен адам.
Оспан – Абайдың інісі
Қарашаш – Абайдың алғашқы махаббаты болған қыздың жеңгесі.
Шүкіман – Абайдың сүйген жарының шын аты.
Құнанбай – Абайдың әкесі.
Зере – Абайдың әжесі.
Ізғұтты – Құнанбайдың жиен інісі, ең сенімді адамдарының бірі.
Әйгерім – Абайдың сүйген жары, екінші әйелі.
Ділдә – Абайдың бәйбішесі.
Нұрғаным – Құананбайдың төртінші әйелі.
Тұраш – Абайдың сүйікті әйелінен туған бала.
Ақылбай – Құнанбай мен кіші әйелінің тәрбиесінде өскен Абайдың баласы.
Абай – қазақтың ұлы ақыны.
Тобықты - Абайдың руы.

Көлденеңінен:
Күңке - Құнанбайдың бәйбішесі.
Тәкежан – Абайдың ағасы.
Ербол – Абайдың жан досы.
Тоғжан – Абайдың бойында алғашқы махаббат сезімін оятқан ару.
Бөкей – Абайдың сүйікті әйелінің әкесі.
Ұлжан – Абайдың шешесі.
Құдайберді – Құнанбайдың бәйбішесінен туған Абайдың жақсы көретін ағасы.
Алшынбай – Абайдың бәйбішесінің әкесі.
Мағауия – Абайдың баласы.
Әбдірахман - Абайдың баласы.
Қаражан – Абайдың жеңгесі.
Айқыз - Құнанбайдың үшінші әйелі.
Салтанат – Абайдың сүйікті әйелінің біраз уақыт Абайға көңілі суып жүруіне себеп болған қыздың аты.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама