Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Карбон қышқылдары
Алматы қаласы,
Әуезов ауданы №133 жалпы білім беретін мектеп
Химия пәні мұғалімі Оразбекова С. Т.

Химия пәні 9 сынып.
Тақырыбы: Карбон қышқылдары
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, дарынды және талантты балалармен жұмыс. Топпен, жұппен, жекелей жұмыс
Сабақтың типі: Интербелсенді сабақ
Көрнекілігі: слайд, тірек - сызба, суреттер, реактивтер, сынауықтар, бекіткіш

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Бекіту кезеңі
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма

Ұйымдастыру кезеңі: 2мин
Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Түрлі - түсті маркер арқылы топқа бөлу. (4 топ) Бағалау парағымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру 8 мин
Сұрақ - жауап:
1. Спирттер дегеніміз не?
2. Спирттердің жіктелуі
3. Аталуы, физикалық қасиеттері
4. Химиялық қасиеттері
5. Қолданылуы

Балалар, құмырсқа шаққанда немесе қалақай шаққанын сезіп көрдіңдер ме? Неге ашитынын білесіңдер ме?
Осы сұрақтың жауабын бүгінгі сабақта білетін боламыз.
Әр топқа тапсырма.
1 топ:(қызыл түс) Карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасы
2 топ: (көк түс) Құмырсқа қышқылы
3 топ:(қоңыр түс) Сірке қышқылы
4 топ:(жасыл түс) Қышқылдардың қолданылуы.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама