Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Тарих пәнінің мұғалімі: Смайлова Рахия Сергебаевна
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерін, салдарын айқындай білу.
Сабақтың міндеттері:
 Ресейге қосылудағы басты тұлғалардың саясатына сипаттама бере алады.
 Сауатты талдауға үйренеді
 Бір - бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады
Сабақтың типі: жинақтау сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, бірге ойлаймыз
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: интерактивті тақта
Құралдар: тақта, плакат, стикер, маркер
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Кіші жүз: адай, қарасақал, байбақты, жағалбайлы, тама, керейт, шекті.
Орта жүз: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ.
орта және кіші жүз деп екі топқа бөлемін.

Білу
Картамен жұмыс 3 минут
1 - тапсырма:
Алдарында тұрған постерлерге өздерінің территориясын белгілеп шығады. (2минут)
2 – тапсырма:
XVIII ғасырдағы қазақ халқына қауіп төндірген мемлекеттерді анықтау.
(2 минут)
3 - тапсырма:
Жоңғар – қазақ қақтығыстарын анықтау.

Түсіну
Зерттеу жұмыстары
Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына кірудегі басты себептерді анықтау.

Ұлы жүздің және бүкіл қазақ даласының Ресей империясының құрамына кіруін қарастыру.
(электронды оқулық)

Бірге ойлаймыз Топта талқылау үшін бірнеше сұрақтар қойылады.

1. Қазақстанның Ресей құрамына кіру барысында неге қол жеткіздік, неден айырылып қалдық. Себебі
2. Қазақстан Ресей империясының құрамына емес Цин империясының құрамына кіргенде қазақтардың жағдайы қалай болар еді. Көз алдарыңа елестетіп көріңдерші.
3. көтеріліс басшыларының суреттеріне қарай отырып сипаттама бер.

Талдау
Венн диаграмасы
Абылай хан, Әбілқайыр хан және Н. Ә. Назарбаевтың ел басқарудағы ортақ ұқсастықтар, айырмашылықтарын анықтау.

Сұрақтар қорабы
Оқушылар қорапқа өз сұрақтарын салады.
Бұл сұрақтар келесі сабақ барысында қаралады.

Бағалау
1) Бүгін мен не үйрендім?
2) Маған не ұнады\не ұнамады? себебі
3) Бүгінгі сабақ бойынша ұсыныс немесе пікірің

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама