Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Кавказ халықтарының музыкасы
Тақырыбы: Кавказ халықтарының музыкасы

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: «Кавказ халықтарының музыкасымен танысу»
Жаңа сабақ
Музыка тыңдау
«Лезгинка»тыңдап отырып. музыка характерін ажырату, қай елдің музыкасы екенін
Ажырату. «Музыка тарихын айта кетіп жаңа сабаққа ену»
(Мультимедияны қосу, Кавказ халықтарының музыкасы) 1слайд
Мұғалім сөзі:
Кавказ тауларының етегінде армян, әзірбайжан, грузин халықтары мекен етеді.
Олар бір - бірімен араласып жатқандықтан салт - дәстүрлерінде, музыкаларында, аспаптарында, киім киістерінде, ұқсастықтар байқалады. Бүгінгі сабағымыз әзірбайжан халқына арналмақ. Олар әнді бір дауыста керемет орындайды екен. 2слайд
Музыка тыңдау: 3слайд
«Качури»әзірбайжан халқының биі
Би ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалады. 4слайд
- Би ырғағы қалай орындалып тұр?
- Қандай көңіл күйді білдіреді?
- Қандай би түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Качури биінің шығу тарихымен таныстыру. 5 слайд
Музыкалық аспаптары:
Балабан - ең көне аспаптарының бірі. Үрлеп ойнайтын аспапқа жатады. 6слайд
Гавал - ұрып ойнайтын аспап 7 слайд
Саз - шертіп ойнайтын аспап. 8 слайд
(Әр аспаптың суретімен бірге үні естіліп тұрады)
Дауыс жаттығулары.
До мажор дыбыс қатарын орындап шығу.
Арпеджиомен орындау.
Жаңа әнді үйренбес бұрын композиторларымен таныс болайық. 9 слайд
Гамбар Гусейнли әзірбайжан композиторы.
Қазақшаға аударған ақын М. Әлімбаев 10 слайд
Бұл інді бірнеше елдің тіліне аударған. Орыс. өзбек, қазақ, армян тілдерінде орындалып жүр.
Ән үйрену: 11 слайд
«Шөжелерім» музыкасы: Г. Гусейнли, қазақшаға аударған: М. Әлімбаев
а) әнді хормен оқу, мағынасын түсіндіру
б) әуенімен тыңдау. хормен орындау
в) әннің динамикасымен жұмыс жасау
г) әннің темптік дамуын салыстыру.
д) дәптерге жаздыру
Бекіту:
Рефлексия 12слайд
Бүгінгі сабақ туралы ойымызды айтайық?
- Сабақ ұнады ма?
- Неге ұнады?
- Ұнамаған жақтары болды ма?
Қазір үш тілде әнді тыңдап жіберейік.
Қорытынды:
Бұл әнді тыңдай отырып музыка арасында өте алмайтын шекара жоқ
екенін тағы да дәлелдедік.
Қай елдің музыкасымен таныстық? Қандай музыканы тыңдадық? Музыка нені бейнеледі. Қандай ән үйрендік?
Үйге тапсырма:
Әнді жаттап, музыкалық тағы да аспаптардың аттарын тауып жазып келу.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама