Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Адамды адам еткен еңбек
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамды адам еткен еңбек
Мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек» деген ұғымның мағынасын ашады. Еңбектеніп, өз жасаған бұйымдарын қорғауға үйренеді.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар жануарлардың тіршілігін бақылауды үйренеді. Адам табиғаттың бір бөлігі деген тұжырымды дәлелдейді. Топпен жұмыс істеу арқылы өз ойын айту, сұрақтар қойып, жауап береді. Әртістік қабілеттері дамиды. Шығармашылық жұмыс жасай алады
Тапсырма негіздері: Оқулықтағы практикалық жұмыс (7 - 8 бет)
Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау, ойларын ортаға салу, топқа бейімделу; Оқулықпен жұмыс; Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: Ғаламтордан мәліметтер қарастыру. Проектор, www. google. com сайтына кіреді.
Сабақтың көрнекілігі: Постерлер, бағалау парақшалары мен критерийлері, кері байланыс парақшасы. Бор, тақта, маркер, плакат, түсті суреттер.
Сабақта орындалатын тәсілдер: Жеке жұптық, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, практикалық жұмыс, кесте, «галереяға саяхат» стратегиясы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, көңіл – күйлерін көтеру сәті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Бізде қазір қандай сабақ? Өзіміздің жақсы оқушы, білімді екенімізді қалай көрсете аламыз?
Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінді оқып. энциклопедиядан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы оқып, зерттеу жұмысын жүргізу керек болатын, кім дайын екен?
Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлініп алу.
Табиғат туралы өлең оқылады.
Табиғат аялаған жан аясын,
Аямай төгер бізге сан саясын.
Аяла табиғатты өз көзіңдей,
Сүйеді тірліктегі әр баласын.

- Бүгін адамның табиғаттан не үйренгенін оқып білеміз.
- Адам табиғаттан нені оқып үйренді деп ойлайсыңдар?(Оқушылар жауабы тыңдалады)
- Дұрыс. Бүгін тағы өткен өмірге саяхат жасаймыз.
- Бұл сабақта, дұрыс айтасыңдар адам үздіксіз еңбек ету нәтижесінде ғана дамитынына көзімізді жеткіземіз, яғни адамды адам еткен еңбек екенін оқып білеміз.
Түсініктеме.
Адамдардың өткен өмірі туралы мәліметтерді тарихи дереккөз деп атайды. Тарихи дереккөздерді жазбаша, ауызекі және заттық дереккөз деп бөледі. Әрбір топ «Тарихи дереккөз» кестесін толтырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама