Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Келді міне, жаңа жыл
Тақырыбы: Келді міне, Жаңа Жыл келді
Зал іші әдемі безендірілген, ортаға шырша қойылған, әр түрлі ойыншықтар ілінген, музыка әуеніне әр түрлі киген балалар кіреді.
1 - жүргізуші: Төрле – төрле жаңа жыл.
Айналамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле – төрле құтты жыл.
Халыққа әр күн төгіп нұр.
Төрле, төрле құтты жыл.
Қуаныштан айналады әлем – жыр.
Балалардың балалардың қуанышында шек болмай.
Жүректері қуаныштан толқып тұр.
Жүргізуші: Келді міне жаңа - жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық
Шашу - шашып, әрқашан ән - салайық.
Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге,
Балалар мен жастарға, кәрімізге,
Ашық аспан астында ойнап - күлсек,
Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек,
Алланың нұры жаусын әр үйге
Жақсылықты тілеймін бар әлемге
Жаңа - жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын.
Құттықтау сөз: «Ақ - Ерке» балабақшасының меңгерушісі: Сариева Гүлмира Дәужанқызына беріледі.

2 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар және апайлар. Барлығыңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келе жатқан жылан жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін. "Қошақан" тобының "Келді, міне жаңа жыл" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші: Сіздер үшін әр күніміз жырымыз
Ағылсын тек тәтті әуен мен әніміз
Ақ пейілді жақсы адамдар кеш жарық
сәлем достар армысыздар бәріңіз.

Хор: "Шырша жыры" (Тауда туып)
- Балалар шыршамыздың шамы неге жанбай тұр?
- Білмейміз.
- Мүмкін біз шыршамен мереке басында амандаспаған шығармыз?
- Шырша бізге ренжіп қалған болар. Олай болса, шыршаға арнап тақпақтар айтып берейік..

1 оқушы: Жасыл шырша төрдегі
Дейді, "Бәрің көп мені"
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
- Балалар, мен қардың сыдырын естіп тұрмын. (Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді. Қолында хат, залға кіреді де құлайды )
- Сәлеметсіз бе, Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?
Аққала: Жоқ, өтірік құладым, балаларды күлдірейін деп. Мен сендерге хат алып келдім.
Жүргізуші: Хат кімнен екен?
Аққала: Ойлап табыңдар, балалар. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Аққала: Өздерің қандай тапқырсыңдар.
Жүргізуші: (Хатты оқиды)
Біз де қазір сендердің тойларыңда боламыз.
Балалар, ендеше хатты әкелген аққалаға рахмет айтып тақпақ айтып берейік.

Динара: Ауыл алды ақшақар
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала
Жалқауы жоқ жұмысқа
Кіп-кішкентай доп қана
Бір әкеліп қар үйіп
Бірі қарға аз құйып
Күліседі күлімдеп
Бітірейік деп қана.

Аққала: Рахмет балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Балалар сендер суықтан қорқасыңдар ма?
- Ал қолдарың тоңса не істейсіңдер?
- Біз шапалақ соғамыз.
- Аяқтарың тоңса не істейсіңдер?
- Біз аяғымызды топырлатамыз.
- Онда балалар бәріміз орнымыздан тұрып тоңып қалмас үшін көңілді би билейік.
(Балалар билеп жатқанда жалмауыз кемпір ұшып кірді)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама