Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі, тарихи маңызы
8 сынып
Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын аша отырып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себебі мен тарихи маңызымен таныстыру.
Жалпы мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктерін оқып біледі.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: «Кім жылдам», «Аквариум», «Жигсо», «Сәкестендіру».
Қолданылатын ресурстар: маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі:
Тренинг: Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын. Топқа бөлемін.
Қалай отыратындықтарын түсіндіремін.
Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін.
Шеңбер жасап бір - біріне жылы сөздер айтады.
Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады.
Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады.
Сабақ кезеңдері:
1. Білу - қызығушылық
тарын ояту.
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
Бағалау
Рефлексия
1 - тапсырма білу: «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауапты пайдалану.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Үйге берілген тапсырманы сұрақ - жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру.
Өткен тақырыпқа арналған үй тапсырмасын қайталауға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, кроссворд, карточкалар.
Оқушылардың іс - әрекеті: Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.
Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады.
2 - тапсырма түсіну: Өткен тақырыптарға байланысты «Аквариум» әдісі.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Өткен тақырыпты оқушыларға қысқаша қайталау мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.
Оқушылардың іс - әрекеті: Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
3 - тапсырма қолдану: «Сәйкестендіру» тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру арқылы сабаққа қолдану.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдалану арқылы тапсырмалар беріледі. Ол әдіс арқылы оқушы жаңа тапсырманы түсінеді, ойланады, тапсырмаға байланысты тапсырмаларды сәйкестендіреді.
Оқушылардың іс - әрекеті: Берілген жаңа тақырыпты топпен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, тексереді, нәтижесін қазаға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді.
Берілген сұрақтар арқылы топтар бір - біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.
4 - тапсырма талдау: «ЖИГСО» әдісі пайдаланамыз.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.
Оқушылардың іс - әрекеті: Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, бір - біріне түсіндіреді.
5 - тапсырма жинақтау: Шығармашылық тапсырма
«Тақырыпты біз былай түсінеміз» (кітап, суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау)
Мұғалімнің іс - әрекеті: Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады.
Оқушылардың іс - әрекеті: Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді.
Бағалау: Өзін - өзі бағалау (2 мин).
Мұғалімнің іс - әрекеті: Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату.
Оқушылардың іс - әрекеті: Өзін - өзі топпен бағалайды.
Рефлексия: Стикерлерді толтыру.
Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну.
Оқушылардың іс - әрекеті: Ұсынылған стикерді толтыру.

СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласындағы
Мамлют қазақ мектеп - интернатында тарих пәні мұғалімі
Байкенова Эльмира Кентайқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама