Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Күлкі жәрмеңкесі
Тақырыбы: Күлкі жәрмеңкесі
Мақсаты: Балаларға «1 сәуір – күлкі күнін» тойлай отырып көтеріңкі көңіл – күй сыйлау. Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: фокус заттары: фольга, стакан, тиын, бутылка, су, банка, акварель бояуы, ойын заттары: шляпа, арқан және торт пен шар.
Зал туған күн тойлауға сай, түрлі - түсті шарлармен, гүлдермен жабдықталған. «Туған күніңмен» сөзі бар плакат ілінген.

Барысы: Балалар шеңбер бойымен орындықтарға жайғастырылады.
Ортаға Күлдіргіш пен Ойынпаз сайқымазақтар кіреді.
Күлдіргіш: Сәлем, сәлем, балалар! Көңіл - күйлерің қалай (кезекпен)? Мен Күлдіргішпін! Мен балаларды күлдіргенді жақсы көремін (қытық - қытық).
Ойынпаз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Өсіп жатырсыңдар ма (кезекпен)? Мен Ойынпазбын! Ал мен балалармен ойнағанды жақсы көремін.
Осы кезде Таңғалтқыш сайқымазақ келеді.
Таңқалтқыш: Ой, Сәлем, балалар! Кешіріңдер, мен көп кешіктім бе?
Күлдіргіш: Салем, Таңқалтқыш. Жоқ, бізде жаңа келдік. Қайдан кешігіп жүрсің?
Таңқалтқыш: Ой, басқа балабақшадағы туған күнге кіріп кетіппін.
Ойынпаз: Таңқалтқыш келген екен ендеше туған күнімізді бастайық. Ортаға туған күн иесін шақырамыз (ешкім шықпайды)!
Таңқалтқыш: Кімнің туған күні (балаларға, бір - біріне таңқалып қарайды)?
Ойынпаз: Алдар деген баланың туылған күніне шақырған еді ғой?
Күлдіргіш: Араларыңда Алдар деген бала кім?
Таңқалтқыш: Балалармен танысқан жоқсыңдар ма? Танысып алайықта! Ойын арқылы танысамыз.
Ойын: «Атыңды ата»
Таңқалтқыш (ойын шартын түсіндіреді): Мен өз атымды атап допты біріңе лақтырамын. Допты қағып алған бала өз атын атап кері лақтырады.
 Ой, достарым, мына балалардың арасында Алдар деген бала жоқ қой.
Ойынпаз: «Қыр бөбегі» шағын орталығы емес пе? Иә, дұрыс, мінекей «Алдар көсенің туған күні - 1 сәуір «Күлкі күніне»» шақырамыз.
Күлдіргіш: Ойынпаз, бізді «Туған күн кешіне емес» «Күлкі күніне» шақырған екен ғой. Алдар деген баланың емес, бәріміз білетін Алдар көсенің туылған күні. 1 сәуір – «Күлкі күні», бұл күні барлық адамдар, балалар бірін - бірі алдайды, күліп жүруі тиіс. Мен «Күлкі күнін» жақсы көремін. Ендеше бәріміз бүгін күліп алайық. Қытық - қытық.
Ойынпаз: Ендеше, балалар, бүгін біз ойын ойнаймыз, би билейміз, ән саламыз, таң қаламыз, күлкіге қарық боламыз, иә?

Ойын: «Иә, Жоқ»
Ойынпаз (сұрақтарға «иә», «жоқ» жауап алады):
 Ойын ойнаймыз ба? – Иә
 Би билейміз бе? – Иә
 Жылаймыз ба? – Жоқ
 Күлеміз бе? – Иә
 Ашуланамыз ба? – Жоқ
 Ұрысамыз ба? – Жоқ
 Ән саламыз ба? - Иә
 Қуанамыз ба? – Иә
Күлдіргіш: Ендеше кеттік. Ойын ойнаймыз.

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»
Күлдіргіш (ойын шартын түсіндіреді): Музыка әуенімен бәріміз ырғалып билейміз. Менде «Сиқырлы қалпақ» бар. Билеп жүрген бір баланың басына кигіземін. «Сиқырлы қалпақты» киген бала ортаға шығып би қимылын көрсетеді. Қалған балалар дәл сол қимылды қайталап билейсіңдер. Ендеше кеттік.

Күлкі жәрмеңкесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама