Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№19 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
Математика пәнінің мұғалімі Татаева Каламкас Егинбаевна

Сабақтың тақырыбы: Кесінді ортасының координаталары есептер шығару
Мақсаты: Жаңа талапқа сай, жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып, еліміздің ертеңі болар жас ұрпаққа сапалы білім беру
Білімділігі: Теориялық материалдарды нақты есептер шығарту арқылы оқушыларға меңгерту, кесінді ортасының координаталарын табу есептерді шешу дағдыларына жетілдіру
Дамытушылығы: Оқушыларға ғылыми бағдар беріп, дербес тұжырымдар жасауға баулып,
ой - өрістерін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың барысы:

Білімді жастарға
тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
"Ақжол" білім
орталығын ашуға тендер жариялаймыз!!!
Тендер шарттары
1. “Алғашқы қадам”
2. Лездік тапсырмалар
3. “Біліктілік” сайысы
4. “Алғырлық кілті”
5. “Шығармашылық сатысы”
6. “Шешуші сәт”

І бөлім "Алғашқы қадам
Үй тапсырмасын тексеру
№ 175
І. Лездік тапсырмалар
(сұрақ - жауап)
«Тікбұрышты координаталар жүйесі» ұғымын түсіндіру
Координаталық осьтер жазықтықты неше бөлікке бөледі?
Тікбұрышты (декарттық) координаталар жүйесі не үшін енгізіледі?

Кесіндінің ортасы болатын нүктенің координаталарын табу формуласы
Жауаптар
Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.
Санақ басы ортақ, өзара екі перпендикуляр түзуді координаталық жүйе деп атайды.
Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Оларды ширек деп атайды.
Ширек таңбаларының орналасуы жөнінде айту.

"Біліктілік" сайысы

(Тапсырмалар беру)
№1
А(- 3; 8), В(7; 5), және С(6; 8) нүктелері – АВС үшбұрышының төбелері. Үшбұрыштың ВС, АС және АВ қабырғаларының орталарының координаталарын табыңдар.
№2
А(1; 3), В(2; 5), және С(- 1;- 5) нүктелері АВСД параллелограмының ретімен алынған үш төбесі. Параллелограмның төртінші төбесінің және диагоналдарының қиылысу нүктесі М - нің координаталарын табыңдар.
"Алғырлық кілті"
(Оқулықпен жұмыс)
№176
№177
"Шығармашылық саты"
• Декарттық координаталар ғылымның қай саласында қолданылады?
Дәрігер науқас температурасының графигін.
Экономист өндірістің өсу графигін.
Ұстаздар оқушылардың білім сапасын.

• Жұмбақтар шешіп, мақал - мәтел жалғасын табу

Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш

Үш ұлы әке сөзін жықпайды екен,
Ақылы бір тік мінез ұқпайды екен.
Қақ жарған қара қылды 2 ұлы
Әкенің уысынан шықпайды екен. / медиана биіктігі /.

"Шешуші сәт"
Төртбұрыштар бар төркөзді анықта

Үйге тапсырма:
1. №174
2. 5 тест тапсырмасын құрып келу
Оқушыларды бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама