Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Спорттық ойын – Волейбол
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы,
Ұлан ауылы КММ "Сәрсен Аманжолов атындағы орта мектеп"
дене шынықтыру пәні мұғалімі: Қайсенов Нұрбек Баскенович

Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Дене шынықтыру 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Спорттық ойын – Волейбол
Жалпы мақсаттар: Волейбол туралы жалпы түсінік алу. Ұжымдық сезім, тез зейін қою, шапшаң ойлау, дағдыларының қалыптасуы.
Түйінді идея: Ізденіс тапсырмалар арқылы волейбол тарихын тереңірек білу, меңгеру.
Стратегиялар: «Кір жаятын жіп», «Бағдаршам», «Түрткі болу», «Постер жасау» «Жарық жұлдыз».
Көрнектіліктер: Компьютер, плакаттар, фотоаппарат, түрлі - түстіқағаздар.

1 - кезең
Қызығушылықты ояту
Сапқа тұрғызу. Сабаққа дайындығын тексеру. Рапорт тапсыртқызу.

«Түрткі болу» әдісі арқылы сұрақтар қойып,
сабақтың тақырыбын жалпы мақсатын оқушылармен анықтау

АКТ пайдалану
Қозғалыс жаттығулары. (жаттығулар комплексі) Қосымша 1

«Нөмірленген қағаз қиындылары» арқылы оқушыларды топқа бөлу

2 - кезең: Мағынаны ажырату
АКТ пайдалану
Сергіту сәтін орындау.(Қамажай)

«Кір жаятын жіп» стратегиясы.
Төменгі 6 сұрақ үш конвертке бөлініп, ілінеді.

1. Волейболдың шығу тарихы
2. Қазақстандағы волейбол
3. Ойын барысындағы нақты қозғалыстар
4. Қорғаныс әдістері
5. Волейбол ойынының адам баласына пайдасы қандай?
6. Ойын ережелері
Сұрақтар бойынша постер жасау.

Волейбол ойыны жайлы мәліметтермен оқушылар білімін толықтыру.

Формативті бағалау: «Бағдаршам» «Бағдаршам» арқылы оқушының түсіну деңгейін білу.
3 - кезең: Ой - толғаныс 5 мин
Алған мәліметтері бойынша ойын ережелерін меңгеру. 6 - ты ойыншыдан топқа бөліп, волейбол алаңына тұрғызу. 1 - 6 ойыншының тұру және ауысуын көрсету. «Пионербол» ойыны арқылы ережеге сәйкес ойын элементтерін көрсетеді.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама