Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Кестелер. Кестелерді құру
6 сынып информатика
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру
Көрнекіліктер: компьютер, плакаттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалпы Microsoft Word бағдарламасында кесте құру технололгиясымен таныстыру. Оқушылардың информатика пәніне қызушылықтарын арттыру және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, бәсекелестік қабілетін, тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі
 Сәлемдесу
 Түгендеу
 Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?(Бұл қарапайым мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге мүмкіндік беретін программалар түрі)
2. Абзац дегеніміз не?(Бұл ентер пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиыны )
3. Жоларалық интервал дегеніміз не?(Абзацтағы мәтін жолдарының арасындағықашықтықты вертикаль бойынша анықтайды.)
4. Пішімдеу дегеніміз не? (бұл мәтіннің сыртқы түрін анықтайтын қасиетін өзгерту түрі)

ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
Оқушыларға ребус беріледі. Жауабындағы сөз бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың негізгі термині болып табылады.
1 2 3 4 5 6
Д и с к е т
Жауабы: Кесте

Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер? Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т. б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді.
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.
Кестелер. Кестелерді құру.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т. б. заттар да орналасуы мүмкін.

Кесте құрудың үш әдісі бар:
1 - әдіс. Мәзір жолы: Кесте →Қою→Кесте
2 - әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3 - әдіс. Мәзір жолы: Кесте→Кесте сызу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама