Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қыз сыны байқауына таныстыру
«Қыз сыны байқауына» Таныстыру

1. Жаңғырып, қайта гүлдеп жаңарды өлкем,
Шуағын шашып қайта, оралды көктем.
Бәйшешек гүлдей болып ару қыздар,
Келіп тұр « Қыз сынына» бүгін көркем.

2. Арнаймын ана әнімді бүгін саған,
Жолдаймын сәлемімді қауым саған.
Қабыл ал бүгін менің сиымды ана,
Жолдаймын өнерімді, ән жыр әсем.

3. Раушан гүл аңқыса егер қалаларда,
Аңқиды жиде иісі ауылымда.
Осы елде тудым мен де өсіп келем,
Ата - анам мен халқымның ортасында.

4. Кетейін мен өзімді таныстырып,
Сыныбымнан шықтым өнер жарыстырып.
Тараған Жалайырдан Естемеспін
Көрейін өнерімді салыстырып.

5. Көктемде жайнап өскен гүлі даланың,
Болашақ үміт артар бір балаңмын.
Ата - анам, халқым маған арнап қойған
Есімім - Ләззат атты қыз боламын.

6. Күтемін сабырлық пен әділдікті,
Үмітім баға алу әділетті.
Құрбылар, қарсыластар мерекеде
Болмасын ешбір реніш көңілдерде.

7. Мереке құтты болсын баршаңызға,
Ашық күн мен тілеймін аспаныма.
Көктемгі күндей болып көңілдерің,
Әрдайым бөленейік қуанышқа.

Алматы облысы, Балқаш ауданы,
«Көкжиде орта мектебінің
математика және информатика пәні мұғалімі
Абитбекова Жанар Санаққызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама