Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Көбелек биінің жүру түрлері
Тәрбиеші: Музафарова М. Д. «Еркемай» балабақшасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
«Балдырған» тобы
Тақырыбы: «Көбелек» биінің жүру түрлері
Мақсаты: Көбелек биінің жүру мен жүгіру түрлерін үйрету. Би қимылы арқылы денелерін дұрыс ұстауға қалыптастыру. Әуенді есту, сезіну. Шапшаң қимылдауға баулу. Көбелектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: музыкалық аппаратура, флешка, гулдер мен көбелектер
Сөздік жұмыс: Біз билейміз – мы танцуем, көбелек - бабочка
Музыка ырғағымен сап бойынша залға кіру.
Сапта жүріп аяқты нық басып жүру.
Аяқтың ұшымен жүру.
Өкшемен жүру.
Қазша жүру.
Дем шығару.

Шеңберге жүріп 2 - 3 қатарға тұрғызып, бойларына жеңіл гимнастикалық жаттығулар жасау.
1. Аяқты алшақ қойып, қолды белге ұстап, басты жай ғана оңға, солға бұру 4 р.
2. Оңға басты иіу 2р, солға иіу 2р, иықты көтеру 2р.
3. 2 қолды жұмып, ашып, төменнен алға, 2 жанға апарып төмен түсіру.
4. 2 қолды алға артқа қойып, алға еңкейіп, мойын созып қараймыз.
5. 2 қолды жоғары көтеріп, төмен аяқ ұшына жеткіземіз. 2р.
6. 2 қол белде тізе бүгеміз. 4р.
7. 2 қол белде оң аяқ ұшы, өкше 2р.
Сол аяқ ұшы, өкше 2р.
8. Орнымызда секіру. Айналып секіру.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)
Көктемнен кейін қандай мезгіл? (Жаз)
Жазда шыбын-шіркей, құрт - құмырсқалар көп болады. Солай емес пе?
Ендеше, мен сіздерге жұмбақ жасырайын. Шешуін табыңдар.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.(көбелек)
Біздің елімізде 3000 - нан астам түрі кездеседі.
Мысалы: «88» көбелегі, «Шыны қанатты» көбелек, «Изумруд» көбелегі, «Александр патшайымы» көбелегі, «Зебра» ұзын қанатты көбелегі, «Павлин» көбелек.
Осындай көбелектердің аттарын есте сақтап жүрейік.
- Балалар, сендер көбелек өлең – тақпақтар білесіңдер ме?
- Балалардың жауабы.
- Көбелектер әдемі, сондықтан біз оларды көргенде, көңіл - күйіміз көтеріліп, қуанып қаламыз. Біз оларға қамқор болуымыз керек.
- Балалар, көбелектер қалай ұшады?
- Ендеше, біздер де көбелек болып билейік.
- Балаларға көбелек биінің 3, 4 қимылын тұрақты үйрету. Топпен жұмыс.
- Қане, бастапқы қалыпта тұрамыз. Аяқпен жұмыс жасаймыз.
1) 1 оң аяқтың ұшын оңға жанға созу.
2 бастапқы қалыпқа келу
3 сол аяқ солға жанға созу
4 бастапқы қалыпқа келу. (4р)
2) Оң аяқ ұшы, сол қол
Сол аяқ ұшы, оң қолды жоғары қозғайды.
3) Орнында айналады. Қолды жоғары қозғайды.
4) Жоғары 2 қолды қозғайды, отырады, төмен қанат қағады.
- Жарайсыңдар, балалар.
Қимылды ойын: «Өз гүліңді тап»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдылыққа, ептілікке, төзімділікке жетілдіру. Көбелектерге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
- Көбелек – ау, көбелек,
Ұшасың сен көлбеңдеп.
Қызыл, жасыл керемет,
Гүлге қоншы көбелек!- деп балаларды ойынға шақырамын.
- Балалар, қолдарын екі жаққа созып, көбелек қанаттарын көрсетіп жеңіл жүгіреді, айналады.
- Әуен ойналады.
- Балалар, әуенмен ілесе жеңіл жүгіріп, бір орында айналып билеп жүреді.
- Ақ қанатты көбелек,
Көкқанатты көбелек,
Бақшамызға қона кет!- деп, «көбелектерді» гүлдерге қондыру қажеттігін түсіндіремін.
- Көбелектер гүлге қонады.
- Жарайсыңдар, балалар, өте әдемі көбелек екенсіңдер. Әдемі биледіңдер.
- «Көбелек қандай? Қалай ұшады?» деген сұрақтарды қою арқылы қорытындылаймын.
- Залдан әуен ырғағымен көбелектер болып «ұшып» шығуды ұсынамын.
- Балалар, көңілдене қоштасып, «ұшып» шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Гимнастикалық жаттығуларды.
Игереді: Музыканы сезіне тыңдауды, би қимылдарын көппен бірге жасауды.
Үйренеді: Көбелек болып ұшу, қону, әуенмен ілесе жеңіл қимылдауды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама