Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көкшенің серісі
Орындаған: 10 сынып оқушысы Қабылашимова Айгерим

Көкшенің серісі

Ақандай сал серілер табылар ма екен?
Ақмола, Көкшетауды қылған мекен.
Ләйлі - Мәжнүн махаббатын армандаған
Елдіктің туын тіктеп, әуелеткен...

Балқадиша өлеңін білмес қазақ
Болса егер, сенбес едім бұл не мазақ?
Деп айтам, өйткені бұл дара өлеңі
Шарпыған Сарыарқа мен Дешті Қыпшақ

Ақтотыға арнаған өлең де бар,
Әдемілік, нәзіктік сүйген болар.
Әндерінің көпшілігі ару жайлы еді,
«Кербез сұлу», «Перизат» деген де бар.

Бала ақын әнге, жырға құмар еді
Мәдениеттің уызына қанған ерім
Алғыр тазы, ұшқыр құс қолда ұстап
Бір төбе еді сазгерлік қабілеті асқақ

Атақ - даңқын аспандатып, биіктеткен
Құлагер сәйгүлігін білдік көптен
Батыраш, Қотыраштар болмағанда,
Қанатты пырақ сынды ұшар дер ем

Болғанда тілің майда, конфет балдай,
Дегені орысша сөз білем, қалай,
Бойыма бірнеше өнер сыйдырғанда
Шет тілді көмей сыйдырмағай?

Төл әдебиет, сал - дәстүрді қастерлейтін,
Сөз маржанын тергенде дес бермейтін,
Өз дәуірінің бар болмыс - шындығын да,
Тура айтқан шыншылдығын құрметтеймін!...

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама