Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Табиғатқа құштармын
Мектеп: «Сам мектеп - балабақша кешені» КММ
Мұғалiм: Мамбетова Назгүл Далубековна

«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары
1 сынып
Тақырып: Табиғатқа құштармын
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аялау, сүю, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Табиғат ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- Табиғат ұғымын түсіндіру.
- Балаладың табиғатқа аялы қарым - қатынасын дамыту.
- Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Түрлі - түсті қаламдар, жүрекшелер, ақ парақтар, гүлдер, көбелек.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Топқа бөлу
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
(Гүлдер бойынша топқа бөлінеді.)
«Ақ гүлдер», «Қызыл гүлдер», «Сары гүлдер»
Тыныштық сәті
- Бізге қонаққа келген көбелек қанатын жазғанда алып көбелекке айналып кеткендей. Ол бізді қанатына отырғызып ұшып барады. Алуан түсті гүлдер алқабына жақындағанда бізді қанатынан түсірді. Гүл алқабы жағасында суы мөлдір өзен көз демалтады. Судың тазалығы соншалықты – су астында жүзіп жүрген жәндіктер, өніп тұрған өсімдіктер, көздің жауын алып жатқан табиғи тастар. Одан әрі төбесі аспан тіреген биік таулар, жарқыраған күн. Әуелеп ұшып жүрген әсем құстар. Неткен әдемі табиғат! Табиғат сыйлаған таза ауа бойымызды сергітіп жіберді... Біз оған тамсана ұзақ қарадық. Алып көбелек бізді қайтадан өзінің қанатына отырғызып, сыныпқа алып келді. Көбелек қоштасарда әрбіріміздің құлағымызға: «Табиғат сендерге таза ауа, жұпар иіс, жақсы көңіл күй, жақсы өмір сыйлайды. Табиғатты күтіп, баптаңдар, аялаңдар», – деп сыбырлады. Әрбіріміз көбелекке «табиғатты аялаймыз» деп, іштей уәде бердік. Ол әрбіріміздің көбелекпен арадағы сырымыз болсын. «Ешкім естіп қоймады ма?» дегендей, біз бұрынғы қалпымызға келіп, жан - жағымызға қараймыз.
- Міне, әдемі көбелегіміз әсем табиғатты сыныпқа бірге ала келіпті.

2. Үй тапсырмасын тексеру
Ескерту

3. Дәйексөз.
Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне
Р. Сәтімбекұлы
Р. Сәтімбекұлының нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды

4. Оқиғаларды әңгiмелеу
Мәтінмен жұмыс: Ә. Ысқақов «Табиғат деген не?»
- Неліктен табиғатты анаға теңейміз?
- Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек

5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық жұмыс
Суреттерді пайдаланып, сөйлемді аяқтайды.
Егер мен тау болсам...
Егер мен күн болсам...
Егер мен өзен болсам...
Егер мен қыран болсам...
Егер мен елік болсам...
Мысалы: Егер мен тау болсам асқақ болар едім. егер мен күн болсам шуақ нұрын төгер едім.
Балалар өз ойларын ортаға салады немесе постер қорғайды.
Ойын жаттығу: «Жұмбақ»
Ол өте нәзік, әдемі.
Ешкімге жамандық ойламайды.
Гүлдерді өте жақсы көреді.
Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.
Балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған гүл таратып, мынадай сұрақ қоямын
- Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?
Балалар жауаптарын қолдарындағы гүл пішіндегі қағазға жазып, кезегімен тақтаға шығып, не үшін оған ұқсағысы келетінін айтып, гүлін тақтаға жапсырады. Барлық балалар гүлін жапсырып біткенде, дайын болған гүлді алқапқа көбелекті қондырамын.
Бұл жұмыста оқушылар ұжымдық, топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары нығаяды. Оқу ақпараты туралы түсініктері бекиді

6. Топпен ән айту.
Гүл көбелек
А. Қалаубаеваның орындауындығы «Көңілді күн» әнін топпен орындайды.
7. Үй тапсырмасы

Өздеріне ұнаған табиғат көріністерінің суретін салу

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Балалар денесін түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отыру ұсынылады. Көздеріңді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, тенрең тыныс алыңдар. Таза шипалы ауан ы тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Көздеріңді ашуға болады.
Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама