Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Сабақтың мақсаты:
а) Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
ә) Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру.
б) Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: жыл мезгілдері, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, жеке сюжетті сурет.

Сабақтың барысы: І - Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық: Сыныбымыз тап - таза
Бор да дайын тақтада,
Ойымызды жинақтап
Отырайық партада.
(Жыл мезгілінің суретін көрсету)
- Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Жыл мезгілі.
- Біз қазір қай мезгілді өткізіп жатырмыз?
- Көктем.
- Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгіліне байланысты болады. «Көктем сәні» ертегісін өтеміз.
Оқушыларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды.
Енді осы ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы.
- Қандай желек?,- деді Ақбөкен. Жасыл желек.
- Қандай иіс?,- деді Ит. Хош иіс.
- Қандай су?,- деді Қоян. Мөлдір су.
- Қандай аспан?,- деді Түлкі. Ашық аспан.
- Қандай самал?,- деді Бұғы. Салқын самал.
- Біз қандай сөздерге сұрақ қойдық.
- Жасыл, хош, ашық, салқын, мөлдір.
Бұл сөздер көктемнің түрін, иісін, сапасын білдіріп тұрған сөздер. Ендеше бізде мынадай ереже шығады.

- Сендердің түсінген, түсінбегендеріңді білу үшін мына жаттығуды орындайық.
262 - жаттығу. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?

Сарғыш түсті, дөңгелек,
Ортасында дәні бар.
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар.
- Мұндағы сөздер сарғыш, дөңгелек, балдай тәтті.
Сарғыш - түрі
Дөңгелек - көлемі
Балдай тәтті - дәмі
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Беске - бесті қосайық,
Алақанды ашайық.
263 - жаттығу. Бұл жаттығуды ойын ретінде өткізуге болады.
Ойынның аты: «Сиқырлы зат».
1......- аппақ, суық(қар)
2......- түзу, ұзын (ағаш)
3......- жыртқыш, қорқау (қасқыр)
4......- домалақ, тәтті (алма)
Шығармашылық диктант
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.
Айнұр, қызыл, алды, көйлек.
Деңгейлік тапсырмалар:
1 - деңгей
Білімсіз, өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Сын есімнің астын сыз, сұрақ қой.
2 - деңгей
Төмендегі берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін тап.
Ыстық қар
Тәтті тау
Биік алма
Ақ жаз
3 - деңгей
Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама