Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер.
106 – 108 – жаттығу.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті – құралдар: сурет М. Әуезов суреті
Пайдаланатын әдіс – тәсілдер; сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдап, пысықтау.
а). 105 – жаттығу. Тақтада орындау. 1. Сөздерді оқыңдар.
Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау, Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, Айдар, Алакөл, Хантәңірі, Түркістан, Іле, Ұлытау.
2. Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер – су аттарын теріп жазыңдар.
Бірінші бағанға кісі аттарын, екінші бағанға жер - су аттарын жазу.
Кісі аттары
Аружан
Үсен
Ақбілек
Қуаныш
Айдар
Жер – су аттары
Қызылжар
Баянауыл
Арал
Маңғыстау
Көкшетау
Алакөл
Хантәңірі
Түркістан
Іле
Ұлытау
ә). «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімені мәнерлеп оқытып, мазмұнын айтқызу.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Ережені сұрау. ( Кісінің аты - жөні, жер – су аттары бас әріптен жазылады)
● Кісінің аты – жөні бас әріптен басталып жазылады: Серік, Айгүл, Ысмағұлұлы.
● Жер – су аттары бас әріптен басталып жазылады: Қазақстан, Астана, Алатау, Жетісу, Нұра.
- Біз кім? сұрағын кімге қоямыз? - Не? сұрағын неге қоямыз?
● Ереже айту: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның, жануарлардың және заттардың атын білдіреді: Айсұлу, қоян, кітап.
● Кім? кімдер? деген сұрақтар адамға байланысты қойылады: ата, аға, ұшқыш, аналар.
● Не? нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады: тоқылдақ, қайың, машиналар.
IV. Жаңа сабақ:

V. Оқулықпен жұмыс: Ақын тілегі. Заттың атын білдіретін сөздер.
106 – 108 – жаттығу.
VI. Дәптермен жұмыс: Күннің жадың жазып, көркем жазу жазып алайық.
Наурыздың он бірі
Ққ Ққ Ққ
Құлагер Құлагер
106 – жаттығу. Диктант түрінде жазғызу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар.
Құлагер – жүйрік ат. Ол маған үйір. Мен оған күнде қант беремін.
2. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?
● ЕРЕЖЕ: Үй жануарларына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады: Таймас, Құлагер, Ұшар, Тайбурыл.
107 – жаттығу. Көркем жазу. 1. Мәтінді көшіріп жазыңдар.
Талап – саятшы. Оның Еркекүрең деген аты бар. Ол аңға тазыларын ертіп шығады. Әсіресе Алғыр деген тазысы аңнан олжасыз қайтпайды.
2. Жануарлардың аттарының астын сызыңдар.
3. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?
108 – жаттығу. Үй жұмысы. Ауызша талдау. 1. Сөздерді оқыңдар.
Месторы, Ақтөс, Сырттан, Маңмаңгер, Алыпсоқ, Тайбурыл, Құтжол, Мойнақ.
2. Ат пен иттің аттарын бөлек – бөлек топтап жазыңдар.
● Әдеби мәтін тапсырмасы 1. Әңгімені түсініп оқыңдар.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама