Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Көктемгі орманға саяхат
Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу іс - әрекеті: Дене тәрбиесі
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға затты биіктікке лақтыруға, бүктелген қолдың жазылу екпінімен лақтыру күшін беруді үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың судың құрылымы туралы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Оқу іс - әрекетінің барысы.
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі біздің дене тәрбиесі оқу іс - әрекетіміз таңқаларлық, өйткені біріншіден бізге қонақтар келіп отыр. Балалар енді қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Тәрбиеші: Екіншіден біз қазір сендермен саяхатқа аттанамыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Енді мен сендерге «Көктем өрнегі» атты өлең оқып берейін.
Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Тәрбиеші: Балалар енді жұмбақ шешейік, осы жұмбақты шешу арқылы біз сендермен саяхатқа қайда баратынымызды білеміз.
Өседі ағашы да, шыршасы да, емені,
Құстар мен жан - жануардың мекені. (Орман)

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар жарайсыңдар, біз сендермен саяхатқа көктемгі орманға аттанамыз.
(Орман шуы, құсардың әндері туралы музыка ойнайды).
Көзге жаттығу:
Жұм да, аш көзіңді сен,
Тұр ғой міне, көктемгі әлем.
Оң жағыңда шырша, сол жағыңда емен,
Мұндағы ертегі әлеміне таңғаламын мен.

Туындаған жағдаяттарды шешу.
Тәрбиеші: Балалар сендер білесіңдер ме, далада қар жатқан кезде өте көп қоқсықтар жиналып қалыпты (қағаз, ағаш бұтақтары және көптеген басқадай да қоқсықтар) Біз сендермен орманды қоқсықтан тазарта аламыз ба?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Онда сендерге мынандай сиқырлы қаптар көмектеседі. Балаларға сиқырлы қаптар таратылады. Балалар қаптарды қолдарына алады.
Шеңбер бойымен жүреді.
Біз орманға кіреміз,
Бар қоқсықты тереміз.
Шөптер өсіп шықсын деп.
Бұтақтарды шабамыз,
(Балалар бұтақтарды шапқан сияқты қолдарын сермейді, қапқа салады)
1. Қазір қаптарыңды жауып, оң иықтарыңа асып, аяқтарымыздың ұшымен жүреміз.
2. Енді сол иықтарыңа асып, өкшемізбен жүреміз.
3. Енді айналамыз.
(Қаптары қолдарында, алға қарай айналып, қолдарын алға созады)
4. (Судың ағысы музыка ойнайды)
- Қазір балалар аяғымыз су болмас үшін қаптарымызды аяқтарымызға киіп, судан өтеміз.(Мұрынымызбен терең дем алып, ақырын аузымыздан демімізді шығарамыз)
- Мына жерде тастар олардан секіреміз.
Жалпы дамытушы жаттығулар:
1. Балалар енді ары қарай біз велосипедпен барамыз. (3 - 4 рет)
(Балалар қаптарына отырып, қолдарын артқа қойып, аяқтарымен педальды айналдырады).
2. Енді қаптарымызға жатып, аяқтарымызды тік көтереміз. (3 - 4 рет)
3. Қаптарды аяқтарымызға киіп, шеңбермен алға қарай айналамыз.(3 - 4 рет)
4. Қазір аяқтарымыздағы қаптарымызды шешіп, оларды жоғары лақтырып екі қолымызбен ұстап алуға тырысамыз. (3 - 4 рет)
(Балалар аяқтарындағы қаптарын шешіп орындарынан тұрады, қаптарды жоғары лақтырып, екі қолдарымен қағып алады. Қаптарын себетке жинап салады)
Музыка ойналады.
Көктемгі орманға саяхат. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама