Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көлде Ғабит Мүсірепов
Сабақтың тақырыбы: Көлде Ғабит Мүсірепов
Сабақтың мақсаты: Жер – Ана – адам баласының мәңгілік ортақ бесігі деген ұғым бойынша мағлұмат беру
Міндеттері: 1) Көл және көл құстарының тіршілігі туралы әңгімелеу.
2) Көл суының пайдасы, Атырау өлкесіндегі су қоймалары туралы деректі мағлұмат беру.
3) Мәтіндегі жағымсыз кейіпкер рөлі бойынша балаларды ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
4) Табиғатты қорғау туралы заң және табиғат ережесін құру.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО: Ой шақыру, дамыта оқыту, оқушы жауабымен басқару.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (суреттер топтамасы, сызбалар, тірек сөздер, карта: «Атырау облысының физикалық картасы»)

Сабақтың жүрісі: І. Қызығушылықты ояту.
1. Суретпен жұмыс.
2. Шығармашылық жұмысты тыңдау. 1) су құстары туралы деректі әңгімелер. 2) «Дала» С. Сейфуллиннің өлеңін жатқа оқу.
3) Жұмбақ шешу: Қашанда ырысқа толы,
Көктемнің келетін жолы.
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна.

ІІ. Мағынаны түсіну.
1. Суретті кестемен жұмыс: Ғ. Мүсірепов қазақтың аса көрнекті жазушысы.
2. Тірек білімді қайталау: Пәнаралық байланыс: Дүниетану
3. Сызбамен жұмыс. «Өзендер»
4. Картамен жұмыс
5. Сызбамен жұмыс «Көлдер»
Айғыркөл
Айғыркөл — Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау кентінен оңтүстікке қарай 19 км жерде орналасқан көл. Аумағы 16, 1 км ². Ұзындығы 5, 1 км, ені 1, 7 км. Суы тұщы. Көлді Жарып шыққан өзені кесіп өтеді. Табан балық өседі. Қараша айының аяғында мұзы қатып, көкек айының бас кезінде ериді.
Бөлекаяқ
Бөлекаяқ – Ойыл алабындағы көл. Атырау облысындағы Индер ауданында Қарабау аумағынан оңтүстік - батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 17, 5 м төмен жатыр. Аумағы 13, 5 км ². Ұзындығы 9, 5 км. Жазда құрғап қалады. Суы кермек. Бөлеаяқтан өзі аттас өзен ағып шығады. Суы қарашаның ортасында қатып, сәуірдің басында ериді. Көл алабы мал жайылымына пайдаланылады.

Индер – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл.
Атырау облысының Индер ауданы аумағында. Шарасының аумағы 110 км ². Ұзындығы 13, 5 км, ені 11 км, ең терең жері 0, 7 м, жағалау сызығының ұзындығы 40 км. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтар. Көлге жылы 1, 5 млн. тоннаға дейін тұз (негізінен NaCl) шөгеді. Индер көлінен құрамында бром, калий бар жоғары сапалы ас тұзы өндіріледі. Ал көлдің лайлы саз - балшығы түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады.

6. Мәтінмен жұмыс. 1) оқу
2) сөздік жұмысы
3) сұрақтар
4) тапсырма
Сөздік жұмысы:
Оттады - тойды
Су ішті - қанды
Доңыз - арам ниетті, қаскүнем
Сақалды бастарымен - ересек, үлкен
Сұрақтар: - Жағымсыз кейіпкер рөлінде қай
құсты атар едің?
- Ол неге арам ниетті?
Тапсырма: Табиғат достарының ережелерін құр:

7. Тұжырым жасау:
ҚР Конституциясы 38 – бап:
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

ТАБИҒАТ ДОСТАРЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
• Ағаштар мен бұталардың бұтақтарын сындырма.
• Ағаштардың қабығын зақымдама.
• Ормандағы және шалғындағы гүлдерді жұлма. Әдемі өсімдіктер табиғаттың көркі болып, құлпырып тұра берсін!
• Көбелектерді, араларды, инеліктерді және басқа да жәндіктерді аулама.
• Бақа, құрбақаларды қорға.
• Жабайы аңдарды айлама, оларды үйіңе әкетпе.
• Құстардың ұясын бұзба, балапандарын шырылдатпа.
• Орманға, шалғынға, өзен, теңіздердің жағасына барғанда, қоқыстарыңды шашып кетпе.
• Су қоймаларына қоқыс тастама. Орманда шулама.

III. Қорытынды
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

Үйге тапсырма: Мәтінге сүйеніп сурет бойынша әңгіме құрастыр. Әңгімеңде сыланып отырған аққу, мыңдаған үйрек, сырласып отырғандай, суылдап келіп көлге қонады деген сөздерді пайдалан.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама