Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Мұхтар Шаханов "Төрт ана"
Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов Төрт ана
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ата - баба тарихы – қазақ елінің болашағы, тағдыры үшін болған күрес. Оны қастерлеу ұрпақ борышы екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Ақын сезіміне өз сезімімен жауап беретін, үндестіре жалғайтын тұлғаның дамуы.
Тәрбиелілік: Өзіне тірек, айбын болатын тілін, салт - дәстүрін құрметтеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд: «Ата - баба тарихы - менің тарихым»
«Ер есімі – ел есінде»
«М. Шаханов Төрт ана»; сызба, сұрақ бетшелері
«Қазақтың салт - дәстүрлері», «Туған жер»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сто “әлемді шарлау”; дамыта оқыту; проблемалық оқыту; топтық жұмыс;
Сабақтың жүрісі: І Қызығушылықты ояту
«Әлемді шарлау»
1. «Ата - бабам тарихы – менің тарихым»
(тарау материалдарын қайталау)
- Суреттегі бейнелер мен тақырып бізге қандай оқиғаларды еске түсіреді?
2. Оқушылардың жауабы тыңдалады.
- Тарау материалдарын қандай тақырыптарға топтастырар едіңдер?
3. Топқа тапсырма: Тапсырма түрлері:
- деректі әңгіме
- өлең оқу, - көрініс қою
І - топ: Халық қорғаны
ІІ - топ: Желтоқсан оқиғасы
ІІІ - топ: Кедейшілік
ІV - топ: Басқыншы топ

ІІ. Мағынаны түсіну
Жаңа сабақ
1. Мұхтар Шаханов – жазушы
2. Өлең «Төрт ана» мәнерлеп оқу
3. Өлеңді сызбаға сүйеніп талдау
- ақын атаған төрт ананы ата?
4. Жаңа топ құру:
Топқа тапсырма: - деректі әңгіме
- өлең арнау
- эссе жазу
- көрініс

І - топ: Салт - дәстүр
ІІ - топ: Туған тіл
ІІІ - топ: Туған жер
ІV - топ: Туған тарих

ІІІ. Ой қорыту
Оқушылар қазақтың салт - дәстүрлерінен көрініс көрсету, тілге арнап өлең оқу, ата - бабамыздан қалған кең байтақ жеріміздің адам танымастай өзгергенін фото суреттер көре отырып өз пікірлерін айту

Үйге тапсырма: - өлеңді жаттау
- шығарма жазу
- сурет салу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама