Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көмектес септік
Қазақ тілі 4 сынып

Амандасу рәсімі
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам

Қазақ елім самғасын
Қанаттары талмасын
Шалаланбай тілдері
Қазақша бәрі сайрасын

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға көмектес септігінің қызметі өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындату барысында түсіндіру.
2. Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Баланың бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру.
Өткенді қайталау
Әлидің әкесі, Әлиге айту, Әлиді шақыру, Әлиде бар, Әлиден сұрау.
Пойыздың іші, пойызды көру, пойызға келу, пойызда кездесу, пойыздан түсу.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар?
Арамен кесу, балғамен ұру, велосипедпен келу, пойызбен кету
Араймен бару
Көмектес
Сұрақтары:
Кіммен? Немен?
Кімдермен? Нелермен?
Жалғаулары:
- мен, - бен, - пен
сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақ тілінде неше септік бар?
Әрқайсысын атап шығыңдар.
Қай септіктің жалғауы жоқ?
Ана, дала сөздерін септету.
Оқулықтағы жаттығулар бойынша төмендегідей тапсырмаларды орындайды:
1 – жаттығу тапсырмасы
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қызылмен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын тап
1. Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда “сіз” деп сөйлес.
2. Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқады.
3. Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.

2 - жаттығу тапсырмасы
Жұмбақтарды оқы. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді.
______________________
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

3 - жаттығу тапсырмасы
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.
Барлық ат күміс ер – тоқыммен ерттелген.
Әжесі Гауһармен мұражайға барды.
Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр.
Ғани Әсетпен шахмат ойнады.
Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді.

4 - жаттығу тапсырмасы
Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқы
Егістікте қыста қарды трактор (- пен, - мен) тоқтатады.
Дәулет балықты қармақ (- бен, - пен) аулады.
Шынар Астанадан ұшақ (- мен, - пен) ұшып келді.
Әселдің әжесі ине (- пен, - мен) түйме қадады.
Дариға көйлегін үтік (- бен, - пен) үтіктеді.

Деңгейлік тапсырма
Қажетті сөздермен сұрақтарды қой

Көп нүктенің орнына қойылатын сөздер:
Әліппе, анамның (әкемнің, әпкемнің т. б.), Асқарды, Маратқа, ашықхатқа, әліппеден, шаңғымен

Септік жалғауларын берік есте сақтау үшін
- кез келген мәтіндегі сөйлемдерден септік жалғаулы сөздерді табу;
- берілген сөйлемдердегі сөздерге тиісті септік жалғауларын жалғау.
Қортынды:
Көмектес септігі.
Сұрақтары: Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?
Жалғауы: - мен, - бен, - пен

Бағалау
Үйге тапсырма
Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жаз.
Осының ішінен сөз тіркестерін қарастырып, 5 сөйлем құрастыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама