Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Тапқыр достар
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың физика пәні бойынша танымын, ұғымын арттыру, түсінігін тереңдету.
ә) Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін арттыру, бұрынғы физикалық ұғым түсініктерін жаңа ұғымдармен толықтыру, оны одан әрі дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушылардың физика пәнініе деген қызығушылығын ояту, ойын арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау әдісі, дамыта оқыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дайындаған слайдтар, физикалық дана сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
Ойын шартымен таныстыру.
Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. Олар: «Тапқырлар» мен « Алғырлар» тобы. Ойынды бастау үшін екі ұяшық беріледі, соны топ басшылары таңдау керек. 1 номері шыққан топ бірінші бастайды.

1 - тур
«Сөз тапқанға» кезеңі
Тақтада төрт ұяшық берілген. Әр ұяшықтағы тапсырмаларды ретімен орналастырып, артық сөзді алып тастау керек.
1 - ші ұяшық: Күн, өткен, сөз, құнды, жоғалмас, оралмас, жәрмеңке.
(Өткен күн оралмас, құнды сөз жоғалмас)
2 - ші ұяшық. Қызған, соқ, темірді, балқыған, кезде.
(темірді қызған кезде соқ)
3 - ші ұяшық. Ұзын, қол, күймес, болса, балға, көсеу.
(Көсеу ұзын болса, қол күймес)
4 - ші ұяшық: Десең, сыйлас, болам, жаулас, десең, ел, қор, болам, кіріспе.
(Қор болам десең жаулас, ел болам десең сыйлас)

2 - тур
« Сен білесің бе?»
Тақтада сегіз ұяшық берілген. Ұяшықтардың санының өсуіне қарай тапсырмалар да күрделене береді. Тапсырманы орындаған оқушы сол ұяшық баллын өз тобына қосады. Бір ұяшықта тосын сый бар.
5 - ұяшық: тосын сый, балл бірден беріледі.
10 - ұяшық: Доп 3м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып, 1 м биіктікке көтеріледі. Доптың жолын, орын ауыстыруын анықта. (2м, 4м )
5 - ұяшық: Бір адам 5 км жолды 2 сағ. Жүрді, осындай қашықтықты 5 адам неше сағатта жүріп өтеді? ( 2 сағатта)
15 - ші ұяшық: Массасы 5, 4 кг - ға тең алюминий құймада заттың қандай мөлшері бар?
(200 моль)
15 - ші ұяшық: Қандай биіктікте массасы 2 кг жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж - ға
тең? (0, 5 м)
5 - ші ұяшық: Изопроцестерді ата. ( изобара, изотерма, изохора)
10 - шы ұяшық: Жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасайды. Тербеліс периодын анықта. (0, 25с)
5 - ші ұяшық: Қаз бір аяқпен тұрғанда салмағы 5 кг болса, екі аяқпен тұрғандағы салмағы
қанша? ( 5 кг)

3 - тур
« Ойлан тап»
Тақтадағы берілген сөзден бір минут ішінде бірнеше сөз жазып шығу керек. Дұрыс жауапқа бір балл беріледі.
ы р ғ а қ т ы л ы қ п е н

4 - тур
«Тапқырлар»
Тақтаға әр топқа арналған бес суреттен көрсетіледі. Әр суретке 15 секунд ішінде мақал – мәтелдер айту керек.
«Алғырлар» тобына берілген суреттер: бұлақ, бидай, кітап, үй, жүгері.
«Тапқырлар» тобына берілген суреттер: құдық, бесік, жылқы, тау, жаңбыр.
Сабақты қорытындылау. Топтың әр турдағы және жалпы баллын хабарлап, жеңімпаз топты марапаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама