Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Көмектес септік
Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: көмектес септігін пысықтау, жаттығулар орындау оны ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: оқушының ой - өрісін дамыта отырып, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелігі: сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: плакат, кадаскоп

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде!
Сыныпта жақсы көңіл - күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
346 - жаттығу (оқыту)
Балалар осы құраған сөйлемдеріңнің ішінде еңбек туралы сөйлем жаздыңдар.
- Осы еңбек туралы мақал - мәтел айтыңдаршы?
- Осының ішінде көмектес септігі бар мақал - мәтел бар ма?
- Кім айтады? (Көмектес септігінің ережесін сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
«Пікір алысу»
- Балалар, қазір қай мезгіл?- қыс.
- Қыста ауа - райы қалай болады?- суық, боран
- Қыста қандай спортпен шұғылданасыңдар немесе қандай түрлері бар?- шаңғы, коньки, хоккей ойындары
2. Қатармен жұмыс
- Қыста біз қалай киінеміз?- қалың
Ендеше сендер қазір қыс туралы сөйлем жазыңдар, ішінде көмектес септігі бар.
(әр парта бір - бір сөйлем ІІІ - қатарға тарату)
Тақтаға іліп 3оқушыға оқытамын.
3. «Поэзия» минуты:
Ал, енді қыс туралы өздерің 1 шумақ өлең ойлап шығара қойыңдаршы ішінде көмектес септігі бар. (уақыт белгілеу 3 мин.)
4. Кадаскоппен жұмыс. Мәтінді оқушыға оқыту. Дүниетану сабағымен байланыстыру.
Мәтінге ат қою. Көмектес септігін табу.
Мәтіннің тақырыбы Алатау
Жалпы таулы жерде ауа таза болады, ауасы таза жерде адамның денсаулығы мықты болады, көптеген ағаштар өседі, аңдар, құстар мекендейді.
- Таулы жерде қандай аңдар, құстар мекендейді?
Барыс, марал, бөкен, ұлар, бүркіт, жапалақ т. б.
- Қандай ағаштар өседі? – шырша, қайың т. б.
- Осы тау, аң, құс, ағаш туралы біз қай сабақтан өтеміз?

ІҮ. Тақтамен жұмыс. 348 - жаттығу. Қай септікте тұрғанын айту, көшіру.
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойдыру.
(3 оқушыны тақтаға шығару).

Ү. Өздік жұмыс. 349 - жаттығу. Берілген сөздерді септеу. әнші, қобыз сөздеріне сөйлем құрастыру.

ҮІ. Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алып допты қолына
Қойды оны жолына.
Оң жаққа бір қарады,
Сол жаққа бір қарады.
Үлкен тау деп ойлады.

ҮІІ. Ауызша орындау. 350 - жаттығу. Берілгенін оқыту.
- Қансонар дегеніміз не?
Алғашқы қар жауғанда аңшылыққа шыққан адамдарды - қансонар дейміз.
3 оқушыға оқыту. Қарамен жазылған сөздерді тауып, сөз құрамына талдау, қай септікте -?
Түнімен, із тауықты, қоян қауіпті, нуға, түзде, ізге

ҮІІІ. Қорытынды. 1. Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Сұрақтарын, жалғауларын атату?
Осы септіктерге бір - бір сөйлем құрастырыңдаршы?
(Оқушылардан кезекпен сұрау)
Х. Үйге тапсырма. Көмектес септік.
ХІ. Бағалау. Білімдеріне қарай бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама