Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру
Физика пәнінен 7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, слайд, видео.
Сабақтың мақсаты: Блум таксономиясы арқылы оқушыларға материялық нүкте, қозғалыс траекториясы, жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға, ғылыми ой қортындыларын жасауға, мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету, алған білімдерін тиянақтау; оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

Тапсырмалар: Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру
1. Білу.
2. Түсіну.
3. Қолдану.
4. Талдау.
5. Жинақтау.
6. Бағалау.

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Сабақты бастау. Топқа бөліну. (2мин) Оқушыларды 1, 2, 3 арқылы топқа бөлемін. Рольдерін анықтаймын. (2мин) Көшбасшыны тағайындау. Топтағы көшбасшыны анықтауға арналған тапқырлық сұрақтар:
1) 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?
2) Әсем поездың басынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7 - вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды.
3) Үш қатарлы лифтісінен еш жеріңді жарақаттамай қалай секіруге болады?(Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып мұғалім мен оқушы арасындағы диалог әдісін қолдандым, білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі бойынша топтағы көшбасшысын анықтадым және топ лидері, өзін - өзі бағалаған жауап парағын ескердім)

3. Үй тапсырмасын пысықтау. Өткен тақырып бойынша топқа тапсырмалар беру.
А) «Ыстық картошка» 1. Ғаламшарларды атап шығыңдар?
2. Төменгі ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?
3. Жоғарғы ғаламшарларға қандай ғаламшарлар жатады?
4. Н. Коперник теориясы бойынша Әлем құрылысы қандай?
Ә) Жұмыс дәптерлерін толтыру.(білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың талқылау үлгісін, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша ұшқыр ойлау қабілеті байқалады, топ лидері бағалаған жауап парағын ескеремін) (5 мин)

4. Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беремін. Жаңа сабақ
1) Білу. Тапсырмаларды орындау арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Өткен тақырып бойынша сұхбат пікірталасын құру, жаңа сабақты сұрақтар қою арқылы ашу.
Тапсырма: 1. FILA – кестесін толтыру. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.
Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді. Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама