Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Компьютер біздің досымыз
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы:
«Компьютер біздің досымыз»
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәні бойынша қызығушылығын арттыру.

а) білімділігі: Оқушылардың информатика пәнінен үйренген білімдерін аттыру.
ә) тәрбиелігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, әсемділікке баулу.
б) дамытушылығы: ойлау қабілетін арттыру, сабаққа деген қызығушылық серпілісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздары, буклеттер
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың типі: Пысықтау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Командалық топ құру / газет, эмблема, топ атын таныстыру/
3. Кім жылдам? ойыны.
4. Кім тапқыр? Ойыны
5. Суретші боламын....
6. Адымда ойыны.
7. «Информатика» - тапқырлық ойыны.
8. Қорытындылау.

1. Бастау
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, көрермендер, сайысқа қатысушы сайыскерлер. Бүгінгі «Компьютер – біздің досымыз» атты сайысымызға хош келіпсіздер.
Жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, Бәйге, Бәйгелерді көріңіз.
Оқушылар, бүгін біз информатика пәнінен не үйренгеніміз туралы ортаға салайық.

Сөз топтарға беріледі:
I - топ «Дискет тобы»: 7 «а» сыныбына сөз кезегі беріледі. Топ өзінің газетін эмблемасын және топ атын кезегі беріледі.
II - топ «Зерек тобы»: 7 «ә» сыныбына сөз кезегі беріледі.
III - топ «Алғыр тобы»: 7 «б» сыныбына сөз кезегі беріледі.

2) Жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайға шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Кім жылдам? ойынына кезек келді.
Олай болса, ойынымызға көшейік. Ойын шарты: Оқушылар компьютер жайлы, информатика сабағында өтілген терминдер туралы білгендерін тез және бірін - бірі қайталамай, тоқтамай шапшаң орындау қажет. Мысалы: ақпарат, тышқан пернетақта т. б сөздер

3) Жүргізуші: «Кім тапқыр» ойыны. Бұл ойынның шартымен таныстыра кетсем, төмендегі қағаздар арасында информатика пәнінен бөлек басқа пәндердің сөздері бар. Сол өзге пәндердің сөздері бар. Сол өзге пәндердің терминдерін алып тастау керек. Мысалы: Тышқан, ит, клавиатура, ақпарат т. б.

4) Жүргізуші:
Егер болсақ мамандықтың иесі
Не істер едің бұл өмірге жүйелі
Ауыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан, баба сөзі киелі – деп ақын жырлағандай, келесі сайысымыз «Суретші болсам»....
Бұл сайыста компьютердің көмегімен, берілген фигуралардың көмегімен сурет саламыз. Сурет жылдам және әсем болуы керек. Олай болса, Paint редакторының және берілген фигуралардың көмегімен сурет салуды бастайық. Тақтаға мына фигуралар ілінеді:
Төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер т. б.

5. «Адымда» ойынының шарты бұл сайыста капитандар ортаға шығып, қадым жасайды. Әр қадымында компьютерге байланысты сөздерді тез әрі шапшаң орындау керек.
Мысалы: Тышқан, пернелік тақта, диск, принтер т. б

6. Жүргізуші: Ал, енді балалар соңғы ойынымыз барлық топ мүшелеріне арналады. «Информатика» - тапқырлық ойынымызды бастайық. Информатика сөзі берілген. Сол сөзден көп сөз жазуымыз керек. Ортада қағазға әр оқушы тез және қатесіз жазу керек.
Мысалы: Ат, ит, мат, форма, ата т. б.

Сайыста үздік деп табылған топ бүгінгі сайыстың жеңімпазы. Марапатталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама