Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Компьютердің пайдасы мен зияны
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің пайдасы мен зияны
Оқу мақсаты Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау; А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Сабақтың мақсаты Оқушылардың барлығы: тақырыпты тірек сөздер болжай алады, мәтін мазмұнын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжап, мәтінге жоспар құра алады.
Оқушылардың кейбірі: тақырыпты болжап, мәтінге жоспар құрады, жоспарға сай баяндайды, өз ойын білдіреді.
Бағалау критерийлері - Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.
- Мәтінге жоспар құрады.
- Жоспарға сай баяндайды.
Тілдік мақсаттар Ақпарат үдерісі, өңдеу, жүйке, шаршау, т. б
Пәнаралық байланыс Информатика, тарих
Алдыңғы білім Компьютер тарихын және оны қолдану қағидасын біледі.

Сабақтың басы 2 минут
Қызығушылықты ояту кезеңі. Оқушылар берілген суреттер бойынша сынып 2 топқа пазл әдісімен бөлінеді.

Сабақтың ортасы
Білу 5мин
Айтылымалды тапсырма
Сынып оқушылары сабақтың тақырыбын берілген тірек сөздерді болжай отырып анықтайды: компьютер, ғаламтор, көзілдірік, уақыт, денсаулық, т. б.
Тақырыпқа қатысты түрткі сұрақтар:
- Компьютермен дұрыс жұмыс жасай білу қаншалықты маңызды?
- Компьютер мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Лексикалық минимум: Ақпарат үдерісі, өңдеу, жүйке, шаршау, т. б сілтеме
Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасау, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.
ҚБ смайлик
Дескрипторлар
1. Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасай алады.
2. Тақырыптық сұрақтарға жауап береді.

Түсіну 10минут
Қолдану 10 минут
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді тыңдайды. Мәтін бойынша жабық сұрақтарға жауап береді.
Тыңдалым бойынша оқушылар жұпта жоспар құрады. Кейін топта талқылайды.
Топтық жұмыс
І топ: «Оқиғалар тауы» әдісі бойынша жоспарға сай баяндалады. Әр топ өз жоспарларына сай баяндайды.

Мұғалімнің аты - жөні: Мурзагалиева Г. К.

Компьютердің пайдасы мен зияны. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама