Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі
«Қош бол, балабақша» ертеңгілігі
Хабарландыру:
Ханымдар мен мырзалар! Біз сіздерді №40 балабақша - бөбекжай әуежай бортында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Біздің ұшақ бағыты «Қош бол, балабақша!», «Қош келдің мектеп!» бойынша сапарға аттанады. Ұшу 9000 метр биіктікте жүзеге асады. Борт сыртындағы температура - 52.
Дамы и господа! Мы рады приветствовать вас на борту лайнера ясли - сад №40. Наш самолет отправляется по маршруту «Досвидания детский сад!», «Здравствуй школа!». Температура за бортом - 52.
Жүргізуші: Ұшағымыз дайын. Енді қонақтарымызды күтіп алсақ болады.
Жүргізуші: Ендеше саяхатымыздың басты қонақтарын қарсы алайық.

БИ с гелиевыми шарами «КРУЖИТСЯ ПУСТЬ ВАЛЬС»

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
5 жасқа да жеттіңдер!
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер!

Жүргізуші: Құтты болсың тойларың
Сәтті болсың ойларың
Айналайын гүлдерім
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
Тақпақтар:
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше. – Аруна

Құшағында жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Би биледім ән тыңдап
Алаңдауды білмедім. – Алина

Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана. – Адель

Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі - ақ біз. – Азамат.

Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз. – Аида

Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Оқу, білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз. – Мирас

Ән: «Тәрбиеші бізбен»
Би:
Ортаға бай немересімен шығады.
Король: Сәлеметіңдер ме!
Балалар: Салеметсіз бе?
Король: Сендер қандай әдемісіңдер? Сендер, балалар қайда бара жатырсыңдар?
Балалар: Мектепке.
Король: ааа, солай ма? Ал қайдан келе жатырсыңдар?
Балалар: Бала бақшадан
Жүргізуші: Балабақшадан келе жатырмыз. Ол жерде біз көптеген әндер, билер үйренеміз.
Король: солай ма? Ой, балалар менің немерем сендермен бірге бір би билесеңші?
Жүргізуші: Ендеше біздің балалар тамаша би билеп көрсің.
Би: «ДЖЕНТЕЛЬМЕНДЕР
Король: Міне, бәрекелді өте тамаша! Неткен би, неткен тамаша. Өте өнерлі бала екенсіңдер! Балалар, менің немеремде сендермен мектепке бірге барсаңшы.
Жүргізуші: Әрине, әрине барсың. Кел, ханшайым бізбен сапарымызды жалғастыр.
Король: Рахмет сендерге. Балалар сендерге сәт сапар тілеймін. Сабақты тек 5 - ке оқыңдар! Сау болыңдар, балалар!
Ортаға Кикимора Айгул Иманбаеваның әуеніне билеп кіреді.
Жүргізуші: Кешіріңіз, сіз кімсіз?
Кикимора: Ой қойшай, танымай қалдың ба? Мен кикимаронмын ғой. Мен осы орманда тұрамын. Мені қысқаша Кики деп атай берсең де болады.
Ой - ойла, ой - ойла.
Әдемімін, әдемімін.
Ой - ойла, ой - ойла.
Әдемімін, әдемімін.
Әнді қалай айтым екен, а?

Жүргізуші: Өте жақсы айтады екенсіз. Бірақ, қалай айтсам болады екен. Сіз біздің Мерейдің дауысын естіп көрсеңіз қалай болады екен?

Кикимора: Жарайды, есітейін.

Ән: «В СЕНТЯБРЕ ЗВОНОК ВЕСЁЛЫЙ»
Жүргізуші: Балабақшада біз тек ән айтуға үйренбейміз, сонымен қатар би билейміз.
Ал сіз би билей аласыз ба?

Кикимора: Мен мына балалардан әлде қайда жақсы билеймін. Бірақ мен өте ұялшақпын. Билейді.
Көрдіңдер ме, балалар. Мен қалай жақсы билеймін.

Жүргізуші: Жақсы мекен балалар? Сіздің биіңіз жақсы екен, ал біздің балалардың биі өте тамаша!

Кикимора: Тамашалайын кәне, балаларды.
Би: ХОРЕОГРАФИЯ

Кикимора: Ойладым мен бір жоспар, құлақ салып тыңдандар. Алдап барлық баланы, алып кетем өзіммен, ормандағы үйіме. Ән айтады тек маған, би билейді тек маған. Ах – ха - ха. Сендер осы орманнан кетпейсіңдер ешқайда. Осында қаласыңдар.
Жүргізуші: Сен не деп сыбырлап жүрсің? Біздің балаларымыз сенімен бір ойын ойнағысы келеді.
Кикимарон: Ойын ойнағанды мен жақсы көрем. Қайда ойын ойнайық.
Ойын: «МАМАНДЫКТАР»
БИ «БАБАМ КАЗАК БОЛМАСА»
Кикимарон: Сендер менің мектебіме, келгілерін келе ме? Келесіңдер ме? Мен өзіме мектеп ашамын. Келіңдер барлықтарыңды қабылдаймын. Және де басқа балаларды қабылдауым керек. Сау болыңдар, балалар! Мен мектебіме кеттім.
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, мынау кім? Білдім, білдім бұл мультфильмдегі Шапокляк әже ғой.
Шапокляк: Балалармен ағылшын тілінде амандасып, қалдарын сұрайды.
Балалар: жауап береді.
Шапокляк: Сендер мектепке кетіп бара жатыр деп естідім. Сол рас па? Ал мектепте болдым. Онда біраз қызық оқиғалар болды. Қуана – қуана есіме түсіремін
Олай болса, сендердің мерекелеріңді қыздырайық. Сыйлық алғыларын келе ме, балалар?

Қош бол, балабақша ертеңгілігі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама