Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Көңілді тапқырлар
Мақсаты:
Білімділік: «Жыр және опера», балет өнері тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіру. Эстетикалық және шығармашылық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдық, зеректікке, алғырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Саз өнеріне деген құрметін, сүйіспеншілігін оята білу, музыка өнері дамуының түп негізі - халық музыкасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сайысқа бірнеше бала қатысып жеке өз қабілетін, білімін көрсетуі тиіс.

Ι. Бәйге ойыны.
Тақтада әр топқа арналған нота сызығы тұрады. Ал сол үстіндегі сұрақ жазылған нота қималарын алып, артындағы сұраққа жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, ол нота қимасын нота сызығына орналастырады. Қай топ көп дұрыс жауап берсе сол топтың орналастырған ноталары жоғары көтеріле береді.

Сұрақтар:
1. Оркестр және хорды басқаратын адамды кім деп атайды?
2. Скрипка, виолончель, контрабас, гобой, кларнет аспаптары қай оркестрге жатады?
3. Хордың түрлерін ата.
5. Әлемдегі ең үлкен опера театры қай жерде?
6. Қандай опера театрларын білесіңдер?
7. «Қыз Жібек»операсының авторын ата.
8. Ария деген не?
9. «Абай»операсының авторын ата.
10. «Абай»операсындағы негізгі кейіпкерлерді.
11. Орыс халқының қандай композиторларын білесің?
12. «Қараңғы түнде тау қалғып»әнін Абай кімнен аударған?

ΙΙ. «Ән шырқайық»
Нота ұзақтықтары жазылған қима қағаздардың артында сабақта үйренген әндердің аты жазылған. Әр топтан бір оқушы шығып нота ұзақтығын таңдап, қандай нота ұзақтығы екені атап, оның қаншаға саналатынын айтып, артында жазылған әнді орындап беруі тиіс.

ΙΙΙ. «Ғажайып бақ» ойыны.
Тақтада бірнеше алма ағашы ілінген. Әрбір ағаш ұпай сандармен белгіленген. Оқушы қалаған ұпай санын таңдап алып, сұрақтарға жауап береді. Кейбір алма ағаштың артында сиқырлы алма тығылған. Таңдаған ағаштың артында сиқырлы алма шықса, ұпай саны екі есеге артады.
Сұрақтар:
10 ұпай Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, Құрманғазы оркестрінің алғашқы дирижері кім?

15 ұпай. Л. А. Хамиди туралы не білесіңдер?
20 ұпай. «Хиросима» балетінің авторы.
25 ұпай. «Хиросима» балеті неше көріністен тұрады?
30 ұпай. Реквием деген не?
35 ұпай. «Сакура» қай халықтың әні?
40 ұпай. «Біржан - Сара»операсының авторы.

ΙV. «Кім жылдам?» ойыны.
Әр топтан бір баладан шығып нота ребусын жылдам табуы тиіс. Кім көп тапса сол топтың ұпай саны көп болады.. Әр ребус 5 ұпаймен бағаланады.
Ребус нота сызығында жазылуы тиіс.
До+с
Си+рень
Ми+нут
До+мбыра
Ре+бус
Ре+монт
Си+қыр
Фа+нер
До+йбы
Фа+Ми+лия

V. «Қай аспап?»
Симфониялық оркестрге жататын аспаптардың суретінің астына қай аспап екенін тауып, аспаптың аты жазылған қима қағаздарды жапсыру қажет.
1. Скрипка
2, Виолончель
3. Контрабас
4. Гобой
5. Кларнет
6. Флейта
7. Литавралар

Аспапты тапқан топ әр аспапқа 5 ұпайдан жинайды.
Ойын соңында әділ қазылар жинаған ұпайды санап, жеңімпаз топты анықтайды.
Жеңімпаз топ мақтау қағазбен марапатталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама