Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Көпбұрыштың периметрі
Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі

Сабақтың мақсаты: 1. Көпбұрыш және оның элементтері (төбесі, қабырғасы, бұрышы) жайлы алған түсініктеріне сүйене отырып, көпбұрыштың периметрі жайлы түсінік беру;
2. Екі амалмен шығарылатын есептерді шығару дағдылары мен екі таңбалы сандарды жазу, оқу қабілеттерін арттыра отырып, ойлау, қорытындылау, тез жауап беру дағдыларын қалыптастыру;
3. Шапшаңдыққа, сауатты жазуға, достық көмекке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, көрнекіліктік.
Көрнекілігі суреттер, пішіндер, кубик.
Қосымша материалдар: дидактикалық үлестірмелі материалдар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды сабаққа дайындау.
Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру: кубизм әдісімен

Жаңа сабақ:
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар.
Алдарыңдағы пішіндердің ішінен бұрышы көп пішінді тауып алыңдар.
Қолдарыңа сызғыштарыңды алыңдар. Нөлден бастап барлық қабырғасын өлшеңдер, оның периметрін табыңдар.
Оқулықпен жұмыс: №1 есептегі түсіндірме мәтінмен жұмыс жүргізу:
Оқушылар өздері берілген фигуралардың ішіндегі бұрышы коп фигураның периметрін есептеп шығарады.
Пішіннің яғни коп бұрыштың периметрін қалай таптыңдар?
Көпбұрыштың периметрін табу үшін не істедіңдер?
Балалар, фигураның барлық қабырғасының ұзындығын табу үшін не істедік? Оны көпбұрыштардың периметрлерін табу дейді екенбіз. Ереже тұжырымдап шығарады

Тақтамен жұмыс: №2 есеп: Есеп құрастырып, шығару, талдау.
Айдын 50теңгеге қалам, ал одан 40 теңге арзан тұратын дәптер сатып алды. Ол барлығы неше теңге төледі? (кітапта берілген шарты бойынша шығару) Ш: (50 – 40) + 50 = 60 Ж: 60 теңге төледі

Сергіту сәті: (музыка әуенімен жаттығулар жасату)
Тақтамен жұмыстар: № 4 есеп: теңдеулерді шешу:
60 + а = 65
49 – а = 43
97 – а = 7
Шығармашылық тапсырма: Топпен жұмыс.
Кел, ойнайық!
Итті үйшігіне жеткізу.

Өткенді бекіту: «Білсең қағып ал» ойыны:
- Доппен екі амалмен шығарылатын есептерге байланысты мысалдар мен сұрақтар қою арқылы ойнату.
- Сонымен бүгін көпбұрыштардың несін таптық?
Периметрін табу үшін қандай амал қолданамыз?
- Көпбұрыштардың бұрыштары мен қабырғалары қалай аталады екен?
- Демек, бұрышты көпбұрыштың бір қабырғасынан екіншісіне дейін доға шығатындай етіп жылжытып сызу арқылы, ал көпбұрыштың төбелерін – нүктелер арқылы көрсету керек екенін ұмытпау керек.

Үйге тапсырма: Өрнек жазу және оның мәнін табу.
Бағалау: жүректен жүрекке

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама