Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау
Тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау. (слайд)

Жалпы мақсаты:
● Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
● Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
● Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
● Күтілетін нәтиже
1. Сан есімнің емлесін меңгереді, білімдерін тиянақтайды, сан есімнің мағыналық топтары туралы біледі және құрамына қарай ажырата алады;
2. Ережелерді қолдана отырып, тапсырмаларды жеке орындайды және түрлерін салыстырып, бір – бірінен ажыратады;
3. Сан есімнен өткенді жинақтап, топпен ұжымдаса отырып тұжырымдамалық карта жасайды және тіл білімінде алатын орнын бағалайды, өз тілін құрметтей білуге ықпал етеді;

Стратегиялық іс - әрекеттер: Блум таксономиясы, жеке, топтық жұмыстар, «Жұқа – қалың сұрақтар», «Топқа бөлу», «Білімді өзара бағалау», «Тапқырлық танытайық», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Блум баспалдағы», «Шығармашылық шарт» стратегиялары, «Сандар сөйлейді»
Негізгі идея: Сан есімнің емлесі, мағыналық түрлері, жасалуы, құрамына қарай түрлері.
Ресурстар мен жабдықтар: Оқулық, интербелсенді тақта, сөз қиындылары, тапсырма парақшалары, тұжырымдамалық карта, Блум баспалдағы, күлегештер, стикерлер.

Үй тапсырмасын сұрау
1. Топтау, бөлшектік сан есім
2. 156 – жаттығу. “Топтасу – түбі ынтымақ” ой - пікір жазу
«Білгенге маржан...»
Берілген сұраққа нақты, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтарын ата?
3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?
4. Дара сан есім дегеніміз не?
5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?
6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?
7. Есептік сан есім сұрақтары?
8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?
9. – ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?
10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?
11. Қай сан есімдерге - ау,- еу жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?
12. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата?
13. Қаншадан? нешеден? сұрақтарына жауап беретін сан есім?
14. Оннан екі - қандай сан есім?
15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?
16. Екеу, үшеу, төртеу - қандай сан есімдер?

Сабақтың эпиграфы:
Бір мен екі алмаймыз,
Үшке алданып қалмаймыз
Кілең төрттік алмаймыз
Бестік баға аламыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама