Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушылардың күн жүйесінің құрылысы туралы мағлұмат беру, сабақты пәнаралық байланыс арқылы ұғындыру.
Дамытушылық: теорияны практикамен ұштастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың өз бетінше еңбек етуге үйрету, ізденуге баулу, ой - өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар, бағалау жетондары, қосымша материалдар, ғалымдардың портреттері, слайдтар, балықтар, көл бейнесі бейнеленген плакат.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, бағалау.
Пәнаралық байланыс: биология, астрономия, дүниетану, математика.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
б/ жаңа сабақтың мақсат - міндеттерін айту.
в/ Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (7 мин)
Балық аулау ойынын ойнау. Тақтаға көл бейнесі бейнеленген плакат ілінеді. Көл үстінде балықтар жүреді. Оқушы балықты аулап, сұрақтарға жауап береді.
Эклиптика деп нені айтады? (Ғалымдар ерте кезден - ақ Күн жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған)
Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады? (Зодиак шоқжұлдыздары 12, олар: Ешкімүйіз, Мерген, Сарышаян, Таразы, Бикеш, Арыстан, Шаян, Егіздер, Торпақ, Тоқты, Балықтар, Суқұйғыш деп аталады)
Зодиак белдеуі деген не? (Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны зодиак белдеуі деп аталады)
Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді? (Балықтар)
Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады? (22 шілдеде және 22 желтоқсанда)

ІІІ. Қызығушылықты ояту
1. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (Күн)
2. Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым - дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын. (Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы)
3. Дарияның ортасында екі жайын
Бірі кетсе бірі дайын. (Күн мен Ай)
Жаңа сабақты меңгеру. (15 мин)

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден - ақ құмар болды.
Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек қарастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын центрі ретінде қабылданды.
Жердің бүкіл әлемнің центрінде орналасқаны жөнінде қалыптасқан Ежелгі Греция ғалымдары дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізіне алды.
Біздің заманымыздың ІІ ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90 - 160жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т. б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, гелиоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді.
Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталар төменгі планеталар деп аталады. Оларға Меркурий және Шолпан жатады. Ал орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар жоғарғы планеталар деп аталады. Олар: Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.
Сондай - ақ Меркурий, Шолпан, Жер және Марс – Күн маңындағы планеталарға жатады. Ал Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун алып планеталар болып саналады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту (5 мин).
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
● 973 жылы Хорезмде дүниеге келген және 150 еңбегінің 50 - ін астрономияға арнаған ортаазиялық ғалым - астроном, физик, географ, философ, этнограф кім? (Әбу Райхан әл - Бируни)
● Орбиталары Жер орбитасының ішкі жағында орналасқан планеталар қалай аталады? (Төменгі планеталар)
● Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады? (Меркурий, Шолпан)
● Орбиталары Жер орбитасының сыртында орналасқан планеталар қалай аталады? (Жоғары планеталар)
● Алып планеталарға қандай планеталар жатады? (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

V. Сергіту сәті (2 мин).
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (4 мин)
Жаңа сабаққа байланысты мақал - мәтелдер айту арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
VІІ. Үйге тапсырма. (2 мин)
§20; Өзін - өзі тексеру сұрақтары.

VІІІ. Бағалау. (2 мин)
Физика пәні қиын емес балаға,
Білім іздеп, ғылым қуған данаған.
Зейін қойып тындасаңдар, балалар,
Физика пәні жарық болып жағылар.
Ұлы айқаста жауды жеңіп кеттіңдер,
Бұл жеңіске зор еңбекпен жеттіңдер.
Үлес қосқан талапкерге бүгінгі

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама