Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қатынас ыдыстар
Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Биіктік пен тығыздық арасындағы байланыс жөнінде түсінік бере отырып, қатынас ыдыстар жөнінде білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Қысым мен тығыздық және сұйық зат жөнінде алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, логикалық ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:
Сызбалар, бөтелке, шар, шприц, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың түрі: Ынтымақ сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Байланысы: Қоршаған ортамен, дүниетану пәнімен байланыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. / Сұрақ - жауап/
а/Сұйықтың ыдыс қабырғасына, табанына түсіретін қысымының формуласы?
б/ Сұйыққа Fа күшінің түсіретін қысымы?
в/ Сұйықтың қай деңгейде қысымы жоғары?
г/ Сұйықтың табанына түсірілетін қысымы S - қа тәуелді ме?

Ой толғау әдісі
1. Бөтелкеге кигізілген шардың үрленуі. /түсіндір/
2. Шприц арқылы ауаны, суды сығу./түсіндір/
3. Пластилинге бөтелкені табаны мен аузымен қойып қысымды анықтау./ түсіндір/

Тірек сызба: Сұйықтың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымының формуласын, өлшем бірлігін қорытып түсіндіру.
3. Жаңа сабақ.

Жоспары: 1. Қатынас ыдыс дегеніміз не?
2. Тегі бірдей сұйықтың қысымы мен биіктігі.
3. Тегі әр түрлі сұйықтың қысымымен биіктігі.
4. Биіктік пен тығыздық арасындағы байланыс.
1. Өзіміз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген шайнектің шүмегін салыстырып қарасақ олардың деңгейі бірдей биіктікте тұрады. Ал ол шайнекке су құятын болсақ, құйылған судың деңгейі де бірдей деңгейде болады. Күнделікті өзіміз қолданып жүрген шайнек қарапайым қатынас ыдысқа мысал бола алады. Мұндай ыдыс пішіні әр түрлі болуы мүмкін.
Өзара резеңке түтікпен жалғасқан ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз.
Мысалы: Шайнек, құмған, лейка т. б.
2. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болатыны белгілі, бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде тепе - теңдікте болады. Екі ыдыста да сұйық бағаны бірдей болады.
3. Енді әр түрлі пішінді қатынас ыдыс алып, сұйық құйсақ онда да сұйық деңгейі бірдей болады. Енді түтіктің екі жағына екі түрлі сұйық құйсақ, қай сұйықтың тығыздығы жоғары болса сол түтіктегі сұйық биіктігі кіші болады.
4. Сұйықтың ыдыс қабырғасымен жанаспайтын бетін сұйықтың еркін беті деп атаймыз.
5. Біз сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігі мен оның тығыздығына тура пропорционал екенін білеміз. Демек, P1=P2 болғанда тығыздығы үлкен сұйық бағанның биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанның биіктігінен кем болады.
6. Оң жақта Р1=gh1 сол жақтан Р2=gh2, Р1=P2 онда gh1 =gh2
h1/h2=2/1 қатынас ыдыстағы әрекеті сұйық бағандарының биіктігі оның тығыздығына кері пропорционал.
4. Бекіту Қызығушылықты ояту. Мағынаны ажырату.
Қатына ыдыстар сөзін карточкаға жеке жазылған әріп бойынша сұрақ жазылған, оқушы карточкадағы рет бойынша жауап беріп, тақтаға іле береді. Нәтижесінде ҚАТЫНАС ЫДЫСТАР деген сөз шығады, соңында қатынас ыдыстар дегеніміз не деген сұраққа жауап аламыз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама