Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Күз келді
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Озерный ауылы,
Озерный орта мектебінің Шағын орталық тобының тәрбиешісі:
Балшикбаева Ақнұр Хасенқызы

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім:, қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Күз келді»
Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ауысу, ерешеліктерімен танысу. Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Билингвалды компонент: күз - осень, жаңбыр - дождь, салқын - прохладно, бұлттар - тучи, жапырақтар – листья, көкөністер - овощи, жемістер - фрукты.

Іс - әрекеттер кезеңі:
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші балалармен амандасып, бір - бірлеріне деген жылы лебіздерін берулерін өтінеді.
Балалар мұқият тындап. Бір - біріне ризашылықтарын білдіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік:
- Қонаққа бізге бүгін қуыршақ Гаухар келді. Амандасамыз. Гаухардың қолында не бар?
- Себет
-. Дұрыс. Ал себеттің ішінде не бар екен қарайық. Бұл не?
- Жапырақтар, тамшы, бұлт.

«Күзгі жапырақтар» өлеңін оқу
Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп.
Көз тартады атырап.
(Қ. Шаңғытбаев)
Балалар сөздерді мәнерлеп дауыстап, хормен қайталайды,
- Жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
- Күз (сұрақтарға жауап береді). Күз мезгілі туралы айтылған.

Дұрыс балалар, қазір - күз мезгілі.
Күз мезгілі - ол байлық, молшылық. Күзде адамдар да, аңдар да, жан - жануарлар да қысқа дайындалады.
- Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады?
- Бұлтты, жауын шашын - жауады.
- Ауа райы қандай болады?
- Күн суытады, жапырақтар жерге түседі.
- Жапырақтар қандай түсті болады?
- Қызыл, сары.
- Балалар қалай киінеді?
- Балалар жылы киінеді.
- Құстар не істейді?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді

Сергіту сәті
Күн шықты,
Аспанды бұлт басты,
Жел соқты
Жаңбыр жауды,
Найзағай сарт - сұрт етті
Біз тығылып қалдық.
Балалар сергіту сәтін жақсы орындайды.

Сұрақ - жауап:
- Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
- Адамдар азық жинайды
- Балалар жемістерге не жатады?
- Алма, алмұрт, шие, жүзім.
- Көкөністерге не жатады?
- Қияр, сәбіз, қызанақ, қырыққабат.

Мақал - мәтел
1. Күздің бір күні - қыстың бір айын асырайды.
2. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың - деп бекер айтпаған.
- Қане, балалар, орманда жүретін аңдар бар, олар немен қоректенеді, нені жақсы көреді?
Ойынның аты: «Ойлан тап».
Ойынның шарты берілген аңдардың азығын табу.
Балалар ойынға қызыға қатысады.

Жаңа сөздерді қайталау:
Күз - осень, жаңбыр - дождь, салқын - прохладно, бұлттар - тучи, жапырақтар - листья. Балалар жана сөздерді қайталайды.

Сұрақ жауап арқылы жыл мезгілдерінің ауысуына тоқтала кету. Жыл мезгілін айтып дұрыс бұрысын тексеру үшін, әр бала жыл мезгілдеріне сай киінеді.
Киінген балалардың қай жыл мезгіліне сай киінгендерін балалар таба білу керек.
Рефлективтік түзету:
Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың іс - әрекетін қорытындылайды, мадақтайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Мадақтауға,
жаттығуға мәз - мейрам болады. Балалармен тренинг өткізу.

Күтілетін нәтиже: Табиғи өзгерістерді білуі
Күз туралы түсінігін молайту.
Жыл мезгілдерінің ауысуын есте сақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама